- Басты бет
- /
- Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау
Банк үшін қаржы институты ретінде қалдықтардың негізгі түрлері қағаз, шығыс материалдары және пайдаланылған кеңсе техникасы болып табылады. Іс жүргізуде қағаз тұтынуды қысқарту үшін Банк 2014 жылдан бастап «Documentolog» электрондық кеңселік құжат айналымы жүйесін пайдаланады. Бұл жүйе Банктің бүкіл ішкі құжат айналымын автоматтандыруға және құжаттарды қалыптастыру, келісу, тексеру, бекіту, олардың орындалуын бақылау, тарату, іздеу және архивтеу сияқты бизнес-процестерді электрондық форматқа көшіруге жағдай жасады. Сонымен бірге соңғы жылдары Банк басып шығаруды барынша азайту және екіжақты басып шығару практикасын белсенді енгізіп келеді. Банктің практикасында алқалы органдардың/жұмыс топтарының отырыстарын/кеңестерін қағаз жұмсамай, материалдарды көрсету үшін LED экрандар мен планшеттерді пайдалана отырып, цифрлық форматта өткізу қолданыла бастады. Бұл ормандар мен ағаштарды сақтауға, жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге қосымша үлес қосуға бағытталған. Осылайша, 2025 жылы Банк 2024 жылмен салыстырғанда қағаз пайдалануды 8%-ға қысқартты, 2024 жылы пайдаланылған қағаз саны 23 100 бума болса, 2025 жылы 21 252 буманы құрады.
Қызметінің сипатына байланысты Банк қоршаған ортаға тікелей елеулі әсер етпейді. Жоғарыда айтылғандай, Банк тұтынатын негізгі ресурстар электр энергиясы, жылу энергиясы және су болып табылады. Банк қоршаған ортаға қолайсыз әсердің алдын алуды барынша қамтамасыз ететін ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттары мен әдістерін қолданады. Банк қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем жасамайды, өйткені Банк қоршаған ортаға ең төмен теріс әсер ететін IV санаттағы объектілердің операторы болып табылады.
Сонымен бірге Банкте қызметкерлердің экологиялық санасын арттыруға, сондай-ақ қауіпсіздік техникасын, оның ішінде өрт қауіпсіздігін сақтауға бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі. Жыл сайын Банк қызметкерлері үшін экологиялық саясат, энергияны, суды және басқа да табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі.
Банк өз қызметкерлері арасында экологиялық құндылықтарды және жауапты өмір салтын тұрақты түрде насихаттайды. Осының арқасында Банк қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін компьютерлер мен басқа да электр құралдарын қуат көздерінен міндетті түрде ажыратудың, жұмыс күні аяқталғаннан кейін жарықты өшірудің, қалдықтарды сұрыптау қағидаттары мен маңыздылығының мәнін тереңірек түсінді. Сондай-ақ бір реттік ыдыстан бас тарту арқылы пайдалы әдеттерді бірге қалыптастыруға үйренді, бұл әрбір қызметкердің қоршаған ортаны сақтауға қосатын зор үлесі туралы түсінік қалыптастыруға көмектесті.
2025 жылы Банк Smart Plastic Zone бағдарламасына қатысып, жалпы 650 балл жинап, GOLD деңгейіне жетті. Бұл қызметкерлердің жоғары тартылу деңгейін және Банктің тұрақты дамуға жүйелі тәсілін растайды.
Сондай-ақ есепті жылы Банктің Орталық аппаратында «Таза офис» эко-акциясы өткізілді, оның шеңберінде қызметкерлер жұмыс орындарында жалпы жинау жұмыстарын жүргізіп, тәртіпке келтірді. Нәтижесінде макулатура мен пайдаланылған батарейкалар жиналып, кейіннен қайта өңдеуге берілді.
Бұдан басқа, «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы шеңберінде Банкте «Автокөліксіз бір күн» ішкі корпоративтік экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Осы акция шеңберінде қызметкерлерге жеке автокөлікті пайдаланудан бас тартып, жаяу жүру, велосипед, қоғамдық көлік және басқа да баламалы тәсілдер сияқты экологиялық қозғалыс түрлерін таңдау ұсынылды.
Қызметкерлердің тартылуын арттыру үшін әлеуметтік желілерде акцияға ақпараттық қолдау ұйымдастырылды, сондай-ақ белсенді және экологиялық өмір салтын кеңінен танытуға бағытталған StepUp мобильді қосымшасын пайдалана отырып, қадам челленджі өткізілді. Челлендж қатысушылары жүріп өткен қадамдар саны бойынша жарысты, оның қорытындысы бойынша ең белсенді қызметкерлер естелік сыйлықтармен марапатталды.
Банктің Даму стратегиясы мен Даму жоспарына сәйкес жоспарлы міндеттерді орындау шеңберінде есепті жылы филиал қызметкерлері Қазақстан бойынша 270 көшет отырғызды.
Өткізілген іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қызметкерлердің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі саналылығын арттыруға және салауатты өмір салтын кеңінен танытуға ықпал етті.