- Басты бет
- /
- Тұрақты даму мәселелерін басқару
Тұрақты даму мәселелерін басқару
Банк ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін өзінің экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға ықпалының маңызын түсінеді. Осы қағидатты іске асыру шеңберінде Банкте Тұрақты даму саясаты (бұдан әрі - Саясат) қолданылады. Банктің саясаты БҰҰ Жаһандық шартының, БҰҰ-ның жауапты инвестициялау қағидаттарының, AA1000 стандарттар сериясының және басқа да халықаралық стандарттардың негізінде құрылған және тұрақты дамуды басқарудың негізгі нормаларын, қағидаттарын, ережелері мен тәсілдерін айқындайды. Саясаттың толық нұсқасын Банктің hcsbk.kz ресми сайтынан, «Тұрақты даму / ESG саясаттары» бөлімінен табуға болады.
Банктегі тұрақты даму үш құрамдастан тұрады: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік.
Экономикалық құрамдас Банктің тұрақты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етуге, инвестициялық тартымдылығын арттыруға, процестер мен шығыстарды оңтайландыруға, инновацияларды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған.
Экологиялық құрамдас қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға, ресурстарды ұтымды пайдалануға, энергия мен су тұтынуды төмендетуге, сондай-ақ «жасыл» практикаларды енгізуге бағытталған.
Әлеуметтік құрамдас еңбек құқықтарын сақтауды, тең мүмкіндіктер мен гендерлік теңдікті қамтамасыз етуді, еңбек қауіпсіздігін, персоналды дамытуды, сондай-ақ ішкі және сыртқы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды қамтиды.
Банк ұзақ мерзімді кезеңдегі тұрақты даму үшін өзінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарын өзара үйлестіреді.
Осы саясатты басқару Банктің басқару деңгейлері арасында жауапкершілікті нақты бөлуді, тұрақты даму қағидаттарын стратегиялық жоспарлау мен операциялық қызметке кіріктіруді қамтиды. Бұл Банктің қоғам мен қоршаған ортаға әсерді басқаруда кешенді тәсілді ұстануға ұмтылысын көрсетеді.
Банк өзінің экологиялық және әлеуметтік саясатын Тұрақты даму саясаты, Кадр саясаты, Іскерлік этика кодексі, Корпоративтік басқару кодексі, Экологиялық саясат туралы ереже және басқа да негізгі институционалдық құжаттар арқылы іске асырады. Бұл құжаттар тиісті реттеушілік заңдардың, қағидалар мен серіктестер талаптарының сақталуына негіз болады.
2025 жылы Банкте тұрақты даму саласындағы қызметті реттейтін бірқатар негізгі ішкі нормативтік құжат әзірленіп, өзектендірілді. Банктің тұрақты даму мәселелері жөніндегі ішкі құжаттары барлық қызметкерлерді қамтиды. Қызметкерлер бұл құжаттар туралы ақпаратты қолданыстағы хабарландыру жүйесі арқылы, сондай-ақ жұмысқа қабылданған кезде алады. Сыртқы мүдделі тараптар бұл құжаттармен Банктің hcsbk.kz ресми сайтындағы «Тұрақты даму / ESG саясаттары» бөлімінде таныса алады.
Тұрақты даму туралы ақпаратты мүдделі тараптарға жеткізу мақсатында Банктің интернет-ресурсында осы қызмет саласына арналған жеке бөлім бар. Жекелеген жағдайларда, шарттар жасасу кезінде стейкхолдерлерге тиісті нормалар мен қағидалар туралы жеке ақпарат беріледі.
Бақылау және есептілік жыл сайынғы тұрақты даму туралы есептер, қызметкерлерді ынталандыру жүйесіне ҚНК енгізу, тәуекелдерді тұрақты талдау, сондай-ақ ақпаратты ашудың халықаралық стандарттарына сәйкестікті мониторингтеу арқылы жүргізіледі. Банк өз бастамалары мен нәтижелері туралы ақпаратты корпоративтік сайтта, жылдық есепте және тұрақты даму туралы есепте жариялап, қызметінің ашықтығы мен айқындығын сақтайды.