Тұрақты даму туралы есеп 2025
  • Басты бет
  • /
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және комплаенс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және комплаенс

Банкте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл бағыттағы қызмет тұрақты негізде, Қазақстан Республикасы заңнамасының және Банктің ішкі құжаттарының талаптарына қатаң сәйкес атқарылады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Банкте кешенді іс-шаралар жүргізіледі, олардың түпкі нәтижесі сыбайлас жемқорлық қызметін болдырмау болып табылады.

Банкте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық әзірленіп, бекітілді. Жекелеген рәсімдер мен бақылау тетіктері Банктің ішкі құжаттарына, оның ішінде персоналды басқару мәселелері бойынша құжаттарға енгізілді.

Банк сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Банк қызметкерлеріне алған білімдерін міндетті тестілеумен ішкі оқытуды тұрақты түрде өткізеді.

2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша алған білімдерін тестілеумен оқытудан Банктің Орталық аппараты мен 20 филиалының 1 183 консультанты, сондай-ақ Банктің Орталық аппараты мен филиалдарының 1 506 қызметкері өтті.

Комплаенс-бақылау басқармасы Банкте сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын атқаратын бөлімше болып табылады. Ол Банктің құрылымдық бөлімшелерінің қандай да бір қызметінен тәуелсіз және Бас комплаенс-бақылаушы арқылы Банктің Директорлар кеңесіне есеп береді.

Банктің барлық қызметкерлері және азаматтық-құқықтық шарттар негізінде Банкке қызмет көрсететін жеке тұлғалар, атқаратын лауазымына қарамастан, Банктегі өздеріне белгілі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өзінің тікелей басшыларына не қауіпсіздік бөлімшесіне немесе құпия түрде Жедел желі арқылы хабарлау міндеті туралы ескертілген. Бұл ретте Банктің әрбір қызметкері Банк қызметкерлерінің қайсыбірінің сыбайлас жемқорлық қызметіне тартылу фактілерін жасыру үшін дербес жауапты болады.

Банкте Жедел желі жұмыс істейді, ол Банк қызметкерлері мен консультанттары тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтар туралы ақпаратты құпия түрде алу құралы болып табылады. Ағымдағы жылы келіп түскен өтініштерді талдау олардың барлығы анықтамалық-консультациялық сипатта болғанын және Банк қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатыстылығын көрсететін мәліметтерді қамтымағанын көрсетті.

Банк тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін Банк басшыларының бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауаптылыққа тартылу фактілерінің болуы/болмауы туралы хабардар етеді.

Персоналды оқыту нәтижесінде Банк персоналының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Банк қызметі, қолданыстағы шектеулер мен міндеттер, кері байланыс арналары туралы хабардарлығы артты. Жүргізілетін іс-шаралар Банктің қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындау тәуекелін барынша азайтады деп күтіледі.

2025 жылғы 2-тоқсанда Банкте тақырыптық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Жүргізілген мониторинг нәтижелері есеп түрінде Банктің Басқарма төрағасының назарына жеткізіліп, 2025 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жолданды.

2025 жылғы 3-тоқсанда «Отбасы банк» АҚ Алғашқы тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының Бірыңғай республикалық электрондық кезек базасын және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасын қалыптастыру, жүргізу, өзектендіру, әкімшілендіру, түгендеу, техникалық және әдіснамалық сүйемелдеу мәселелері бойынша қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалды.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама және іс-шаралар жоспары Банктің интернет-ресурсында орналастырылды.

Есепті жыл ішінде Банк қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау фактілері анықталған жоқ. ✓

Расталған сыбайлас жемқорлық жағдайлары