Тұрақты даму туралы есеп 2025

Демеушілік және қайырымдылық

Қайырымдылық пен демеушілік Банктің корпоративтік мәдениетінің бір бөлігі және Банк қызметін жүзеге асыратын аумақтың әлеуметтік, саяси және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғам өміріне қатысудың дәстүрлі бағыттарының бірі болып табылады.

Банк үшін қайырымдылық қызметі мен демеушілік Банктің іскерлік беделін нығайту және ішкі корпоративтік мәдениетті дамыту тұрғысынан маңызды. Банк қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету бойынша келіп түсетін барлық өтініштерді қарайды және қызметкерлерді қайырымдылық жобаларына қатысудың әртүрлі нысандарына тарту бағдарламасын дамытады: жеке ақшалай және өзге де қайырымдылықтар, әрбір қызметкердің ортақ іске өзінің жеке үлесін қосу мүмкіндігі бар.

2025 жылы Банк қызметкерлерінің күшімен «Асар» акциясы шеңберінде Банктің бес қызметкерінің ауыр ауруларын емдеуге ақшалай қаражат жинау ұйымдастырылды.

2025 жылғы мамырда «Жеңіс күні» акциясы өткізілді, оның шеңберінде Банктің Орталық аппаратының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қаржылық көмек және азық-түлік себеттері түрінде көмек көрсетті.

2025 жылғы маусымда Банктің Орталық аппаратында Алматы қаласының Қан орталығымен бірлесіп «Донор күні» акциясы өткізілді, оның нәтижесінде онкогематологиялық аурулары бар балалар үшін донорлық қан тапшылығы мәселесін шешуге 37 литр қан жиналды.

2025 жылғы қыркүйекте «Мектепке жол» акциясы шеңберінде «Кең жүрек» қайырымдылық қорының 20 баласына көмек көрсетілді. Қызметкерлердің ерікті қаражаты есебінен 450 000 теңге жиналып, оған мектеп керек-жарақтарын сатып алуға арналған сертификаттар алынды.

2025 жылғы қарашада Банктің Астана қаласындағы Орталық филиалының қызметкерлері Холдинг «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп ұйымдастырған «Донор күні» қан тапсыру акциясына қатысты.

2025 жылғы желтоқсанның соңында «Тілектер шыршасы» қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция шеңберінде Банк қызметкерлері көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан балалардың, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың жаңа жылдық армандарын орындады. Барлығы 22 балаға сыйлықтар табысталды.

2025 жылы Банк бюджеті есебінен қайырымдылық, демеушілік және филантропиялық көмек көрсетілген жоқ.