- Басты бет
- /
- ESG-тәуекелдерді басқару
ESG-тәуекелдерді басқару
ESG-тәуекелдерді басқару Банктің интеграцияланған тәуекелдерді басқару жүйесінің бөлігі болып табылады және тәуекел-менеджменттің жалпы архитектурасы шеңберінде атқарылады. ESG-тәуекелдер Банктің қаржылық орнықтылығына, іскерлік беделіне және стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне әсер етуі мүмкін экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару тәуекелдерінің жиынтығы ретінде қарастырылады.
ESG-тәуекелдер Банктің Тәуекелдер тізіліміне жеке топ ретінде енгізілген және кредиттік, нарықтық, стратегиялық, операциялық, комплаенс-тәуекелмен, өтімділік тәуекелімен, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық технологиялар тәуекелдерімен қатар ескеріледі.
ESG-тәуекелдерді сәйкестендіру мынадай факторларды ескере отырып жүргізіледі:
-инвесторлардың, клиенттердің, қызметкерлердің және өзге де мүдделі тараптардың күтулерін;
-сыртқы және ішкі әсер ету факторларын талдауды;
-Банктің жобаларын іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде туындайтын ықтимал қақтығыстар мен тәуекелдерді бағалауды.
Талдау нәтижелері бойынша ESG-тәуекелдердің тізбесі қалыптастырылады, ол Тәуекелдер тізілімінің құрамында Директорлар кеңесімен бекітіледі.
ESG-тәуекелдердің құрылымы мыналарды қамтиды:
Экологиялық тәуекелдер - Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының және өзге де экологиялық міндеттемелердің сақталмау тәуекелдері.
Әлеуметтік тәуекелдер - еңбек заңнамасын сақтау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтарын қорғау, персоналдың тартылу деңгейі және адами капиталды дамыту мәселелерімен байланысты тәуекелдер.
Корпоративтік басқару тәуекелдері - ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне, Директорлар кеңесі тарапынан қадағалау сапасына және корпоративтік басқару қағидаттарының сақталуына байланысты тәуекелдер.
ESG-тәуекелдерді бағалау олардың туындау ықтималдығы және ықтимал салдарының деңгейі өлшемшарттары бойынша жүргізіледі. Жүргізілген бағалау қорытындысы бойынша әлеуметтік және корпоративтік басқару тәуекелдері төмен деңгейге, ал экологиялық тәуекелдер орташа деңгейге жатқызылды.
ESG-тәуекелдерге мониторинг тұрақты негізде, Банктің уәкілетті органдарына ақпарат ұсына отырып жүргізіледі. Тәуекелдер тізілімі ESG-тәуекелдерді жүйелі түрде қадағалау, талдау және барынша азайту құралы ретінде пайдаланылады. Бұл Банктің тұрақты дамуына және клиенттер мен қоғамға ықтимал теріс әсерді төмендетуге ықпал етеді.