- Басты бет
- /
- Тұрақты даму саласындағы есептілікке қатысты ішкі бақылау
Тұрақты даму саласындағы есептілікке қатысты ішкі бақылау
Банк ішкі бақылау жүйесінің қағидаттарын тұрақты даму саласындағы ақпаратты дайындау және ашу процестеріне қолданады.
Қаржылық емес есептілік жауапты құрылымдық бөлімшелер ұсынатын деректер негізінде, ақпаратты жинау мен өңдеудің белгіленген ішкі рәсімдерін қолдана отырып қалыптастырылады. Деректердің толықтығы мен дұрыстығын бақылау көрсеткіштер иелері және бейінді бөлімшелер деңгейінде қамтамасыз етіледі. Ішкі аудит кейіннен ашып көрсетулердің дұрыстығына бағалау жүргізе алады.
Тұрақты даму саласындағы ақпарат мүдделі құрылымдық бөлімшелермен ішкі келісу рәсімдерінен өтеді және Банктің Басқармасы жанындағы Стратегия және корпоративтік даму комитетінің, сондай-ақ Банк Басқармасының қарауына шығарылады.
Тұрақты даму саласындағы есептілікті дайындау тәсілдері қаржылық есептілікті дайындау процестерімен үйлестірілген, оның ішінде деректердің Банктің қаржылық есептілігімен салыстырмалылығы тексеріледі.