- Басты бет
- /
- Директорлар кеңесін аса маңызды мәселелер туралы хабардар ету
Директорлар кеңесін аса маңызды мәселелер туралы хабардар ету
Директорлар кеңесін Банкте маңызды қаржылық және қаржылық емес проблемалардың туындауы туралы хабардар ету Банктің бөлімшелері ұсынатын мерзімді есептілік арқылы іске асырылады. Атап айтқанда, Банктің Директорлар кеңесінің қарауына Ішкі аудит департаменті, Ішкі бақылау департаменті, Комплаенс-бақылау басқармасы, Қазынашылық департаменті, Бухгалтерлік есеп департаменті, Жоспарлау және стратегиялық талдау департаменті, Кредиттік және қаржылық тәуекелдер департаменті, Ішкі бақылау департаменті есептілік ұсынады.
Есептіліктің тізбесі мен оны ұсыну мерзімдері Банктің Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген. Бұл есептілік Банктің жұмысындағы барлық көрсеткіштер мен тәуекелдер деңгейін бақылауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы №188 «Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 4-тарауы 36-тармағының бесінші абзацына сәйкес тәуекел-менеджмент басшысы Банк қабылдайтын тәуекелдер деңгейіне қатысты тәуекелдерді басқару бөлімшесінің пікірі мен Банк Басқармасының шешімі арасында маңызды алшақтықтар болған жағдайда Банктің Директорлар кеңесін хабардар етеді.