- Басты бет
- /
- 2025 жылғы Тұрақты даму стратегиясының орындалуына мониторинг
2025 жылғы Тұрақты даму стратегиясының орындалуына мониторинг
2025 жыл ішінде Банк 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму стратегиясында айқындалған мақсаттар мен міндеттерді дәйекті түрде орындап, тұрақты даму қағидаттарын қызметтің негізгі бағыттарына кезең-кезеңімен кіріктіруді қамтамасыз етті. Жұмыс белгіленген стратегиялық бағдарларға қол жеткізуге және қоғам мен ел экономикасы үшін ұзақ мерзімді құндылық қалыптастыруға басымдық бере отырып, экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық бағыттар бойынша атқарылды.
Стратегиялық бастамаларды жүйелі үйлестіру және практикалық іске асыру мақсатында Стратегияның басымдықтары мен қызметтің негізгі көрсеткіштері ескеріле отырып қалыптастырылған 2025 жылға арналған Тұрақты даму жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар «жасыл» және әлеуметтік қаржыландыруды дамытуға, корпоративтік басқаруды жетілдіруге, ақпаратты ашу ашықтығын арттыруға, сондай-ақ ESG-тәуекелдерді басқару жүйесін нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін қамтыды.
Іс-шаралар жоспарының орындалуы Банк басшылығының тұрақты бақылауында болды. Бастамалар бейінді бөлімшелер тарапынан бекітілген мерзімдер мен нысаналы индикаторлар шеңберінде іске асырылды, ал прогресс қажет болған жағдайда іс-қимылдарды уақтылы түзету мақсатында тұрақты түрде талданды. Есепті жылдың қорытындысы бойынша Іс-шаралар жоспарының орындалу деңгейі 97%-ды құрады. Бұл ретте Банк ғимараттарында қозғалыс датчиктері бар жарықтандыруды автоматты басқару жүйесін орнату жөніндегі жекелеген бастама Банктің бас офисінің Алматы қаласынан Астана қаласына көшуіне байланысты кейінге қалдырылды. Іс-шараның мерзімдері мен параметрлері қайта қаралып, келесі есепті кезеңде ескерілді. Бұл нәтиже жоспарланған бастамалардың жоғары деңгейде орындалғанын және тұрақты даму қағидаттарының Банктің операциялық қызметіне дәйекті түрде енгізіліп жатқанын растайды.
Төменде 2025 жылдың қорытындысы бойынша тұрақты даму саласындағы стратегиялық ҚНК-ның орындалу нәтижелері ұсынылған:
Тұтастай алғанда, 2025 жылғы мониторинг нәтижелері қабылданған шаралардың тиімділігін растайды және Банктің ұйым қызметінде әлеуметтік жауапкершілік пен экологиялық қауіпсіздікті сақтай отырып, 2030 жылға қарай Тұрақты даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу бағытындағы жұмысты жалғастыруға дайын екенін көрсетеді.
Банк Стратегияның орындалу ашықтығын тұрақты даму туралы есепті жыл сайын жариялау, жылдық есептілік құрамында ақпарат ашу және халықаралық ESG-рейтингтерге, оның ішінде Sustainable Fitch халықаралық агенттігінің бағалауына қатысу арқылы сақтайды.
Мониторингке жүйелі тәсіл Банктің сыртқы ортадағы өзгерістерге уақтылы ден қоюына, ESG-бастамалардың тиімділігін арттыруына және тұрақты даму саласындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне негіз болады.