- Басты бет
- /
- Бақылау ортасы
Бақылау ортасы
Банк мақсаттарына қол жеткізбеу тәуекелдері тиімді ішкі бақылау жүйесі болған жағдайда ғана төмендетілуі мүмкін. Тиімді ішкі бақылау тиісті басқарушылық бақылау мен бақылау мәдениетін, яғни бақылау ортасын қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Банктегі бақылау ортасы - бүкіл Банк бойынша ішкі бақылауды жүргізу үшін негіз қалыптастыратын стандарттар, процестер және құрылым кешені.
Банктің бақылау ортасы мынадай қағидаттарға негізделеді:
- Директорлар кеңесі, Басқарма және Банк басшылығы өз үлгісімен адалдық пен этикалық құндылықтарға бейілділігін көрсетеді.
- Директорлар кеңесі Банктің Басқармасынан тәуелсіздігін көрсетеді және ішкі бақылау жүйесін әзірлеу мен оның тиімділігіне қадағалау жүргізеді.
- Банктің Басқармасы ұйымдық құрылымды, есептілік желілерін әзірлейді, Банктің мақсаттарына қол жеткізу үшін тиісті өкілеттіктер мен жауапкершілікті барабар бөледі.
- Банк өз мақсаттарына сәйкес білікті персоналды тартуға, дамытуға және ұстап қалуға бейілділігін көрсетеді.
- Банктің Басқармасы ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі үшін жауапкершілікті барлық мүдделі тараптар арасында ресми түрде бөледі.
- Басқарушылық бақылау мен бақылау мәдениеті Банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасының ішкі бақылау жүйесін құруға және оның тиімді жұмыс істеуіне бағытталған жалпы көзқарасын, хабардарлығын және практикалық әрекеттерін сипаттайды.
Бақылау ортасы Директорлар кеңесі мен Банктің Басқармасы тарапынан этикалық қағидаттарды, кәсіби қызмет және корпоративтік басқару стандарттарын ұстану негізінде қалыптастырылады. Бұл олардың заңнамада белгіленген міндеттерімен және жауапкершілігімен жиынтығында Банктің басқару органдары тарапынан барабар бақылауды қамтамасыз етеді.
Банктің бақылау ортасы тұрақты дамуды және климаттық тәуекелдерді басқару процестеріне де қолданылады. Директорлар кеңесі мен Басқарма ESG-факторларды ішкі бақылау жүйесіне, шешімдер қабылдау процесіне және корпоративтік мәдениетке кіріктіруді, оның ішінде қаржылық емес есептіліктің шынайылығына қадағалауды қамтамасыз етеді.