- Басты бет
- /
- Директорлар кеңесі қызметінің нәтижелері
Директорлар кеңесі қызметінің нәтижелері
2025 жылы Банктің Директорлар кеңесінің 20 отырысы ұйымдастырылып, өткізілді, оның ішінде 14 отырыс күндізгі нысанда, 5 отырыс сырттай дауыс беру арқылы, 1 отырыс жабық нысанда өткізілді. Барлығы 160 мәселе қаралды, олар бойынша шешімдер қабылданды: 127 мәселе бойынша - күндізгі тәртіппен, 32 мәселе бойынша - сырттай дауыс беру арқылы, 1 мәселе бойынша - жабық дауыс беру арқылы.
Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесі ұтымдылық, тиімділік және жүйелілік қағидаттарын негізге ала отырып, жыл сайын алдағы жылға арналған отырыстар өткізу кестесімен бірге өз жұмысының жоспарын жасайды. 2025 жылы Банктің Директорлар кеңесінің қызметі Банктің Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Банктің Директорлар кеңесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес атқарылды.
Есепті кезеңде Банктің Директорлар кеңесі қабылдаған неғұрлым маңызды шешімдер қатарында Банктің 2024-2028 жылдарға арналған даму жоспарын қарау және бекіту, Банктің Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды қарау, Банктің ұйымдық құрылымын бекіту, Банктің Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістерді қарау, сондай-ақ Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жеңілдікті шарттар берілмей жасалатын мәмілелерді қарау атап өтіледі.
Банктің Жалғыз акционерінің қарауына жылдық қаржылық есептілік, Банктің 2024 жылғы жылдық есебі, Банктің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ Директорлар кеңесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту мәселелері шығарылып, кейіннен бекітілді.