Тұрақты даму туралы есеп 2025

Директорлар кеңесі

Банктің Директорлар кеңесінің құрамы Директорлар кеңесіне Жалғыз акционердің өкілдері ретінде сайлауға ұсынылған тұлғалардан, сондай-ақ Директорлар кеңесіне Жалғыз акционердің өкілі ретінде сайлауға ұсынылмаған жеке тұлғалардан қалыптастырылады.

Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің құрамы Банк қызметінің салалық ерекшелігіне, Банк қызметінің ауқымына, Директорлар кеңесі комитеттері қарайтын мәселелерге байланысты олардың мүшелерінің дағдылары, тәжірибесі мен білімі арасындағы теңгерімді көздеуге тиіс. Бұл Банктің және Жалғыз акционердің мүддесінде тәуелсіз, объективті және тиімді шешімдер қабылдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Банктің Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамы қажетті біліктілігі, мінсіз іскерлік беделі және тәжірибесі бар тұлғалардан тұрады. Олардың жиынтық әлеуеті таңдалған бизнес-модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрі мен күрделілігіне сәйкес Банкке жалпы басшылық ету үшін жеткілікті. Банктің Директорлар кеңесінің құрамы мен өкілеттіктері тиімді бақылауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Банктің Директорлар кеңесінің мүшелері шешім қабылдау процесінде өзара іс-қимылға, ынтымақтастыққа және сыни талқылауға бағдарланған. Банктің Директорлар кеңесінің мүшелері өз міндеттерін адал орындайды, шешімдер қабылдайды және мүдделер қақтығысын барынша азайтады.

Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін Банктің Жалғыз акционері белгілейді. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі бүкіл Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімімен сәйкес келеді және Жалғыз акционер Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлау туралы шешім қабылдаған сәтте аяқталады. Жалғыз акционер Директорлар кеңесінің барлық немесе жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.

Ешбір тұлға өзінің тағайындалуына, сайлануына және қайта сайлануына байланысты шешімдер қабылдауға қатыспайды.

Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі

Директорлар кеңесінің сандық құрамын Жалғыз акционер айқындайды. Директорлар кеңесінің құрамы қызмет ауқымын, ағымдағы міндеттерді, даму стратегиясын және/немесе даму жоспарын, сондай-ақ қаржылық мүмкіндіктерді ескере отырып, жеке белгіленеді.

Банктің Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Директорлар кеңесінің құрамы теңгерімді болуға тиіс. Бұл Банктің және оның алдына қойылған экономиканы дамыту міндеттерінің мүддесінде шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін Директорлар кеңесі мүшелерінің, атап айтқанда Жалғыз акционер өкілдерінің, тәуелсіз директорлардың және Басқарма төрағасының үйлесімін білдіреді. Сонымен қатар Банктің Директорлар кеңесі құрамындағы әйелдердің ұсынылатын саны Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде отыз пайызын құрайды.