Тұрақты даму туралы есеп 2025

Ақпараттық қауіпсіздік

Ақпараттық активтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құпиялылығын қорғау Банк қызметі шеңберіндегі маңызды міндеттер болып қала береді. Бұл міндеттердің өзектілігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» қаулысын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы №48 «Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, ақпараттық қауіпсіздік инциденттері, оның ішінде ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар мен іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпарат ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» қаулысын сақтау қажеттілігімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің және Холдингтің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету қажеттілігімен айқындалады.

Ақпараттық қауіпсіздікті күшейтудің негізгі тұжырымдамалық бағыттары мыналар болып табылады:

1)        ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу;

2)        ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін тіркеу және шешу, сондай-ақ олар бойынша білім базасын дамыту;

3)        қорғауға жататын маңызды ақпараттың айналымын бақылау (дербес деректер және банк құпиясы);

4)        Банктің қолданбалы ақпараттық жүйелеріндегі қолжетімділіктерді басқаруды бақылау;

5)        Банктің ақпараттық технологиялар инфрақұрылымындағы осалдықтарды басқару;

6)        дерекқорлардағы ақпаратты қорғау;

7)        артықшылықты қолжетімділікті бақылау;

8)        электрондық поштаны және Internet желісінде жұмыс істеу кезінде пайдаланушыларды қорғау;

9)        Банктің web-қосымшалары мен мобильді қосымшаларын қорғау;

10)    Банктің ақпараттық технологиялар инфрақұрылымын эшелонды антивирустық қорғау;

11)    Банктің маңызды хосттарындағы өзгерістерді бақылау және қосымшаларды бақылау.

-          Банктің активтерінің нақты қорғалу деңгейіне сыртқы көзқарас алу үшін Банктің маңызды қосымшаларына ену тесттерін, әлеуметтік инженерия тесттерін және бастапқы кодқа талдау жүргізу;

-          аномалияларды анықтаудың автоматты құралдары арқылы ықтимал зиянды қатерлерді үздіксіз іздеу, анықталған күдікті әрекеттерді ықтимал инцидент тұрғысынан зерделеу;

-          Банкте пайдаланылатын тиісті мамандандырылған жүйелер арқылы CVE2 және CVE3 халықаралық стандарттарына сәйкес осалдықтарды анықтау мақсатында Банктің цифрлық активтеріне тұрақты талдау жүргізу;

-          қолданыстағы қорғау құралдарымен қамтылмайтын ықтимал қатерлерді анықтау үшін деректерді проактивті іздеу және талдау;

-          ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің алдын алу/оқшаулау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

-          қатерлерді оқшаулау және олардың алдын алу бойынша міндеттерді қалыптастыру және Банктің тиісті жауапты бөлімшелеріне тағайындау;

-          жаңа қатерлер бойынша хабарламаларға бастапқы ықпал ету саласын және маңыздылық дәрежесін айқындау үшін талдау жүргізу.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін деректердің таралуынан, кибершабуылдардан, вирустық белсенділіктен, Банктің ресурстарына рұқсатсыз кіруден, көшіруден, рұқсатсыз өзгерістер енгізуден және басқа да қатерлерден қорғау жүйелері пайдаланылады.

Есепті жылы деректердің таралу жағдайларының саны - 0. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтарға байланысты төленген айыппұлдардың жалпы сомасы - 0.