- Басты бет
- /
- Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды, азаматтық қорғаныс пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды, азаматтық қорғаныс пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Жыл сайын Банк келесіге бағытталған шаралар кешені өткізіледі:
- қызметкерлердің қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау және қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сөзсіз сақтауы;
- азаматтық қорғаныс бойынша оқытулар мен жаттығулар өткізу, Банк қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарларды тестілеу;
- өртке қарсы режимді үнемі жақсарту және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау;
- әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.
Банк қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз етеді, еңбек қызметінің кез келген басқа нәтижелеріне қатысты қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына басымдық береді. Барлық қызметкерлер еңбекті қорғау және қауіпсіздікті басқару жүйесімен қамтылған.
Банктің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілері мен ішкі құжаттарының ережелеріне сәйкес қызметкерлерді, Банктің жауапты тұлғаларын оқыту, нұсқау беру және олардың білімін тексеру, шаруашылық шарттары бойынша жұмыстар жүргізетін және қызметтер көрсететін мердігер ұйымдардың қызметкерлеріне, уақытша қызметкерлерге, Банк бөлімшелерінде тағылымдамадан өтетін оқушыларға нұсқау беру бойынша тұрақты іс-шаралар жүргізіледі.
Жазатайым оқиғалар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тергеп-тексеріледі. Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде инциденттерді сәйкестендіру жүргізілмейді, өйткені Банк адам денсаулығы үшін тәуекелі жоғары ұйымдарға жатпайды. 2025 жылы өліммен аяқталған жағдайларды қоса алғанда, жазатайым оқиғалар болған жоқ. Банк ғимараттарында және Банкке іргелес аумақтарда өрт шығу жағдайлары болған жоқ.
2025 жылы мынадай іс-шаралар өткізілді:
- жауапты қызметкерлерді қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымның онлайн оқытуы, емтихан өткізу және сертификат алу - 17 адам;
- жаңадан қабылданған қызметкерлерге кіріспе нұсқамалар - 139 адам.
Денсаулық және жұмыс орнындағы қауіпсіздік.
Банк өз қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді. Спорттық жарыстарға қатысу, медициналық сақтандыру, сондай-ақ фитнес-клубтарға абонементтер құнының 50%-ын өтеу - мұның бәрі «отырықшы» өмір салтына қарамастан, қызметкерлерді белсенді өмір салтын ұстануға ынталандырады.
Банк филиалдарының қызметкерлері Банкті өңірлік деңгейде таныстыра отырып, футбол мен волейболды қоса алғанда, қалалық және банкаралық спорттық жарыстарға белсенді қатысады. 2025 жылғы шілдеде Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының командасы Петропавл қаласында екінші деңгейдегі банктер арасында шағын футболдан өткен банкаралық турнирде 3-орын алды.
Банктің футбол командалары турнирлерге, әсіресе екінші деңгейдегі банктер арасындағы жарыстарға тұрақты негізде қатысып, жоғары дайындық деңгейін, командалық рухты және салауатты өмір салтына бейілділікті көрсетеді.
Сондай-ақ 2025 жылғы 27 маусымда Астана қаласында «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ және оның еншілес ұйымдары қызметкерлері арасында жыл сайынғы шахмат турнирі өтті, онда Орталық аппарат және Жамбыл облыстық филиалының қызметкерлері тиісінше бірінші және екінші орындарды иеленді.
Дене белсенділігін танымал етумен қатар, Банкте қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасауға және қауіпсіз қызметіне үлкен көңіл бөлінеді. «Жаңбыр жауып тұр - қолшатыр ал» акциясы шеңберінде кез келген Банк қызметкері Адам ресурстарын басқару және ұйымдастыру қызметі департаментіне жүгіну арқылы корпоративтік қолшатырды пайдалана алады. 2025 жылы жұмыс орнындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша қызметкерлерге тұрақты түрде нұсқамалар өткізілді (төтенше жағдай, өрт, жер сілкінісі және т.б. жағдайларда) - мақсатты, қайталама және жоспардан тыс нұсқамалар. Банк және Банк филиалдары орналасқан ғимараттар өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен (өрт қалқандары, өрт сөндіргіштер, өрт крандары), сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарымен жабдықталған.
Өндірістік қауіпсіздіктің негізгі көрсеткіштері төмендегі кестеде ұсынылған:
Сонымен бірге Банк экологиялық дағдарыс аймағында және радиациялық тәуекелі жоғары аумақта тұратын қызметкерлердің денсаулығына да көңіл бөледі. Ағымдағы қызмет шеңберінде Банк мынадай іс-шараларды орындайды:
- экологиялық дағдарыс аймағында тұратын Қызылорда филиалының қызметкерлеріне, радиациялық тәуекелі жоғары аумақта тұратын Шығыс Қазақстан және Абай облыстық филиалдарының қызметкерлеріне қосымша ақылы демалыс беріледі;
- радиациялық тәуекелі жоғары аумақта тұратын Шығыс Қазақстан және Абай облыстық филиалдарының қызметкерлеріне жүктілікке және босануға байланысты қосымша демалыс беріледі;
- экологиялық дағдарыс аймағында және радиациялық қаупі жоғары аумақта тұратын қызметкерлерге қосымша еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалады.
Азаматтық қорғаныс.
Азаматтық қорғаныс саласында қызметкерлерді эвакуациялау, құтқару жұмыстары және өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізілді. Жаттығулар барысында Банктің Орталық аппараты мен филиалдарында тестілеу өткізілді, оның нәтижесі тестілеу хаттамасында көрсетілді.
Өрт қауіпсіздігі.
Өрт қауіпсіздігі саласында 2025 жылы мынадай іс-шаралар өткізілді:
- Банктің Орталық аппараты мен филиалдары ғимараттарының өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтардың ережелеріне сәйкес Банктің ғимараттарының, үй-жайлары мен аумақтарының өртке қарсы жай-күйіне тексерулер жүргізілді, олар есептік тексеру парақтарында көрсетілді;
- жыл ішінде өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша өрт қауіпсіздігі жөніндегі басшылар мен жауапты тұлғаларды онлайн оқыту өткізілді және куәліктер алынды - 64 адам.
Әскери есеп.
Банктің Орталық аппараты мен филиалдарының әскери есеп жөніндегі жауапты тұлғалары Банктің әскери міндеттілері мен әскерге шақырылушыларын әскери есепке алу бойынша жұмыстар жүргізді.
Әскерге шақырылушылардың, лейтенанттардың қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға олардың кезеңдік сұратулары бойынша уақытылы келуі қамтамасыз етілді.