Тұрақты даму туралы есеп 2025

Банк туралы

Отбасы банк 2003 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №364 қаулысына сәйкес тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыруды одан әрі жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, сондай-ақ халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған ипотекалық кредиттеу жүйесін дамыту мақсатында құрылды.

Банктің негізгі қызмет түрлері:

 

Банктің құрылтайшысы - Банктің мемлекеттік акциялар пакетіне билік ету құқығы бар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі. 2013 жылғы тамыздан бастап Банктің Жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық инвестиция холдингі» АҚ (бұдан әрі - Холдинг) болып табылады. Банк Холдинг компанияларының тобына кіреді, өзінің еншілес ұйымдары жоқ, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестері жоқ.

Банк акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және мынадай атаулары бар:

қысқартылған атауы:

-     мемлекеттік тілде: "Отбасы банк" АҚ";

-     орыс тілінде: АО "Отбасы банк";

-      ағылшын тілінде: JSC "Otbasy bank".

Банктің атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05K8B9, Астана қаласы, Қорғалжын тасжолы, 2а.

Банктің Басқарма төрағасы - Ибрагимова Ләззат Еркенқызы.

Банк өз қызметін Қазақстан Республикасында атқарады және Қазақстанның барлық өңірлерінде ұсынылған. Банк бойынша ел аумағында 20 филиал, 14 қызмет көрсету орталығы және 2 қызмет көрсету нүктесі, 1 209 агент-консультант, 225 консультациялық орталық, сондай-ақ 1 агент - заңды тұлға - «Қазпошта» АҚ жұмыс істейді.