Тұрақты даму туралы есеп 2025

Жауапты еңбек тәжірибесі

Қызметкерлер Банктің басты құндылығы және негізгі ресурсы болып табылады, өйткені оның қызмет нәтижелері олардың кәсібилік деңгейіне және қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Банк еңбек қатынастарын заңдылық қағидатына сәйкес және қызметкерлердің жалпыға бірдей танылған еңбек құқықтарын сақтай отырып жүргізеді.

Адам құқықтарын сақтау және еңбек қатынастарын қалыптастыру саласында Банк БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын, Қазақстан Республикасының заңнамасын және оған сәйкес қабылданған уәкілетті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Банктің ішкі нормативтік құжаттарын, оның ішінде Корпоративтік басқару кодексі мен Тұрақты даму саясатын басшылыққа алады.

Банк Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормалары мен талаптарын қатаң сақтайды. Банк қызметіне қатысты елеулі өзгерістер болған жағдайда қызметкерлер белгіленген тәртіппен, кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын хабардар етіледі.

Есепті жылы Банк бас кеңсесін Алматы қаласынан Астана қаласына көшірді. Түпкілікті шешімдер қабылданғанға дейін қызметкерлер жоспарланған өзгерістер туралы хабардар етілді және консультацияларға тартылды. Олардың шеңберінде қызметкерлерге түсіндірме алу және қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігі берілді. Белгіленген тәртіппен көшу туралы тиісті хабарламалар қызметкерлерге шешім қабылдауы үшін уақтылы жеткізілді.

Қызметкерлер көшу туралы шешім қабылдамаған жағдайларда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының тиісті хабардар ету рәсімдерін, жұмыспен қамтудың ықтимал баламалы нұсқаларын қарастыруды және көзделген өтемақы төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін ережелері қолданылды. Осы процесте қолданыстағы заңнаманың барлық талаптары сақталды.

Көшу туралы шешім қабылдаған қызметкерлерге Банк көзделген өтемақы төлемдерін, оның ішінде қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің жол жүру құнын, сондай-ақ мүлікті (багажды) тасымалдау шығыстарын төлеуді қамтамасыз етті.

Жаңа жерде жұмысқа жайлы бейімделуді қамтамасыз ету мақсатында Банк көшетін қызметкерлерге кешенді қолдау көрсетті. Қызметкерлерге тұрақты ақпараттық қолдау ұсынылды, оның ішінде жаңа қалаға бейімделу мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді, инфрақұрылым бойынша бағдарлануға көмек көрсетілді, сондай-ақ тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдем жасалды. Іске асырылған шаралар стресс деңгейін төмендетуге және қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің жаңа жағдайларға тезірек бейімделуіне ықпал етті.

Қосымша корпоративтік психологтың консультацияларын алу мүмкіндігі ұйымдастырылды. Бұл шара жұмыс және тұрғылықты жердің өзгеруіне байланысты стресс деңгейін төмендетуге, сондай-ақ қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне жаңа жағдайларға бейімделу кезеңінде кәсіби психологиялық қолдау көрсетуге бағытталды.

Есепті жылы еңбек қатынастары практикасын бұзғаны үшін Банкке қатысты шағымдар болған жоқ. Қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасына және еңбек шартының талаптарына сәйкес жеке еңбек дауын/шағымдарды қарау үшін мыналарға жүгінуге құқылы:

-        Банктің Келісу комиссиясына;

-        Банктің Омбудсменіне;

-        Банк қызметкерлерінің өкіліне.

Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен регламенттеледі.

2025 жылы Банкте Банк қызметі үшін маңызды адам құқықтары аспектілерімен байланысты саясаттар мен рәсімдер бойынша оқыту өткізілді. Атап айтқанда, «Адам құқықтары» және «Әралуандық және инклюзивтілік» тақырыптарында оқытулар жүргізілді. Осы оқытулар шеңберінде Банктің 1 171 қызметкері қамтылды. Сондай-ақ «Банк қызметкерлерінің гендерлік теңдік бойынша хабардарлығын арттыру» тақырыбында қашықтан оқыту курсы өткізілді, оның шеңберінде Банктің 1 352 қызметкері қамтылды.

Балалар еңбегі мен мәжбүрлі еңбек пайдаланылатын, сондай-ақ жас қызметкерлер қауіпті жұмыстарды орындайтын бөлімшелер жоқ.