Тұрақты даму туралы есеп 2025

Ішкі бақылау жүйесі

 

Банктегі ішкі бақылау жүйесі (бұдан әрі - ІБЖ) Қазақстан Республикасы заңнамасының, Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің талаптарына және үздік әлемдік практикаларға сәйкес қалыптастырылған. Банк ішкі бақылау жүйесін құру кезінде 2013 жылғы «COSO интеграцияланған моделі» тұжырымдамасын қолданады. ІБЖ - Директорлар кеңесі, уәкілетті алқалы органдар, құрылымдық бөлімшелер және Банктің барлық қызметкерлері өз міндеттерін орындау кезінде күнделікті қызметке кіріктірілген процесс. Ол мынадай мақсаттарды орындауға бағытталған:

1)        Банктің қызмет тиімділігін қамтамасыз ету, оның ішінде банктік тәуекелдерді, активтер мен пассивтерді басқару тиімділігін қамтамасыз ету, активтердің сақталуын қамтамасыз ету;

2)        ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық, реттеушілік, қаржылық емес және өзге де есептіліктің толықтығын, шынайылығын және уақтылығын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

3)        Банктің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау, төлемдер және төлем жүйелері, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, кредиттік бюролар және кредиттік тарихтарды қалыптастыру, коллекторлық қызмет, депозиттерге міндетті кепілдік беру, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының, сондай-ақ Банктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету;

4)        Банктің және оның қызметкерлерінің, Банк клиенттерінің мынадай әрекеттерге тартылуына жол бермеу:

‒           құқыққа қарсы қызметті, оның ішінде алаяқтықты, алдауды, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды (бұдан әрі - КЖ/ТҚ), есірткіні заңсыз өндіруді, айналымын және (немесе) транзитін, қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастыруды іске асыруға; Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы жоқ электрондық казино мен интернет-казиноның, сондай-ақ шетелдік букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың пайдасына төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізуге;

‒           КЖ/ТҚ жоғары тәуекелі бар операцияларды жүргізуге байланысты операцияларды іске асыруға;

‒           тізбесін уәкілетті орган қалыптастыратын және «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайтын цифрлық активтер биржаларында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді кейіннен сатып алуға байланысты операцияларды іске асыруға;

‒           жиырма бір жасқа толмаған жеке тұлғалардың ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізуіне;

‒           Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы №188 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында көзделетін өзге де әрекеттерді іске асыруға.

Директорлар кеңесі ІБЖ енгізуді қамтамасыз ету арқылы Банктің Басқармасы қызметіне бақылауды, сондай-ақ ІБЖ жай-күйіне қадағалауды жүзеге асырады. Банктің Директорлар кеңесінің Тәуекелдер және ішкі бақылау комитеті ІБЖ жұмыс істеуіне бақылау жүргізеді, ІБЖ жұмыс істеу сапасы мен тиімділігін бағалау нәтижелерін қарайды. Банктің Директорлар кеңесінің Аудит комитеті ІБЖ тиімділігін бағалау жөніндегі есептерді, ІБЖ бойынша әзірленген іс-шаралардың (түзету әрекеттерінің) орындалу нәтижелері мен сапасын қарайды және Банктің Директорлар кеңесіне ІБЖ жетілдіру бойынша ұсынымдар береді. Банктің Басқармасы ІБЖ-ның барлық компоненттері мен барлық қағидаттарының болуын және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Банк мынадай өзара байланысты элементтерге негізделген ішкі бақылауды жүзеге асыру рәсімдерін әзірлейді:

1)        тәуекелдерді басқаруды бақылау;

2)        бақылау әрекеттері және өкілеттіктерді бөлу;

3)        ақпарат және өзара іс-қимыл;

4)        мониторинг және кемшіліктерді түзету.

Банктің ІБЖ-де мынадай бақылау құралдары қолданылады:

1)        ішкі бақылау кемшіліктерін, бұзушылықтарды, қателерді анықтау және жою мақсатында Директорлар кеңесі, Директорлар кеңесінің комитеттері, Банктің Басқармасы жүргізетін бақылау;

2)        құрылымдық бөлімшелердің басшылары жүргізетін бақылау;

3)        материалдық құндылықтардың нақты болуын және оларға қол жеткізуді бақылау, материалдық құндылықтарды сақтауға арналған үй-жайлардың күзетілуін қамтамасыз ету;

4)        белгіленген лимиттердің сақталуын тексеру;

5)        құқықтар мен өкілеттіктерді келісу және беру жүйесі;

6)        Банктің операциялары мен мәмілелерінің бухгалтерлік есепте және есептілікте уақтылы әрі дұрыс көрсетілуін тексеру;

7)        операциялар мен мәмілелер жасау кезінде Банктің саясаттары мен рәсімдерінің сақталуын тексеру.

Ішкі бақылау тұрғысынан Банктің барлық операциялары мен мәмілелерін міндетті есепке алу қамтамасыз етіледі. Оның ішінде қаржылық есеп пен есептілікке бақылау жүргізудің мынадай құралдары пайдаланылады:

1)        Банкте бухгалтерлік есепті жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелердің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасына және ХҚЕС-ке сәйкестігін бақылау;

2)        Банкте бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша ішкі құжаттардың болуын бақылау;

3)        операциялар мен оқиғалардың бухгалтерлік есепте хронологиялық және уақтылы тіркелуін қамтамасыз етуді бақылау;

4)        әрбір операциялық күннің соңындағы жағдай бойынша қаржылық есептілікті қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуді бақылау;

5)        синтетикалық (жиынтық) есептің аналитикалық (егжей-тегжейлі) есепке сәйкестігін бақылау;

6)        операцияларды санкциялау немесе қаржылық есептілікте көрсету процесіне тартылмаған қызметкерлердің бухгалтерлік жазбаларды тұрақты тексеруін бақылау;

7)        бухгалтерлік жазбалардың бастапқы құжаттар негізінде жүргізілуін, сондай-ақ бастапқы құжаттардың тиісті түрде ресімделуі мен сақталуын қамтамасыз етуді бақылау.

Операциялық қызметтегі бақылау әрекеттері мүдделер қақтығысын және оның туындау жағдайларын, құқыққа қарсы әрекеттер жасауды барынша азайту, сондай-ақ бір құрылымдық бөлімшеге және (немесе) қызметкерге мынадай мүмкіндіктер беруге жол бермеу мақсатында міндеттерді бөлу шеңберінде бөлінеді:

1)        банктік операциялар мен басқа да мәмілелерді жасау және бір мезгілде оларды есепте көрсету;

2)        Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимиттерді ескере отырып, ақша төлеуге рұқсат беру және оны нақты төлеу;

3)        Банк клиенттерінің шоттары және Банктің өзінің қаржы-шаруашылық қызметін көрсететін шоттар бойынша операциялар жүргізу;

4)        кредит беру кезінде ұсынылатын құжаттардың шынайылығы мен толықтығын бағалау және кредиттің қайтарылуына мониторинг жүргізу;

5)        мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін қызметтің кез келген басқа салаларында әрекеттер жасау.

Банк операцияларына қарай мынадай бақылау әдістері қолданылады:

1)        қосарланған бақылау, «төрт көз» және «бірлескен қол жеткізу» қағидаттары;

2)        операцияларды талдау;

3)        Банк басшылығын Банктің жұмыс көрсеткіштері, қаржылық жағдайлары және бюджеттен ауытқулар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін операциялар нәтижелері туралы есептер;

4)        Банк персоналын бақылау және қателерді анықтау тәсілдеріне оқыту;

5)        деректерді қорғауды қамтамасыз ету;

6)        персонал қателерінен қорғауды қамтамасыз ету;

7)        қателерді уақтылы анықтау мақсатында олардың бар-жоғын тексеру.

Ішкі бақылау тұрғысынан қаржылық және операциялық сипаттағы шынайы әрі егжей-тегжейлі ақпараттың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау, төлемдер және төлем жүйелері, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, кредиттік бюролар және кредиттік тарихтарды қалыптастыру, коллекторлық қызмет, депозиттерге міндетті кепілдік беру, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуы туралы мәліметтердің болуы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар шешімдер қабылдауға қатысы бар оқиғалар мен жағдайлар туралы сыртқы нарықтық ақпараттың келіп түсуі де қамтамасыз етіледі.