- Басты бет
- /
- Директорлар кеңесін бағалау
Директорлар кеңесін бағалау
Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің қызметін бағалау жыл сайын жүргізіледі. Бұл ретте кемінде үш жылда бір рет бағалау тәуелсіз кәсіби ұйымды тарта отырып өткізіледі.
Директорлар кеңесі бағалауды мынадай тәсілдермен жүргізе алады:
- Қазақстан Республикасының заңнамасы немесе ішкі құжаттар талаптарына сәйкес өз күшімен;
- тәуелсіз консультанттарды, кәсіби қауымдастықтарды және корпоративтік басқару рейтингтерін беретін ұйымдарды тарта отырып;
- өзге тәсілдермен.
2025 жылы Директорлар кеңесінің, комитеттердің және Директорлар кеңесі мүшелерінің жұмысын бағалау өз күшімен жүргізілді. Бағалау нәтижелері 2025 жылғы мамырда Директорлар кеңесінің жабық отырысында бекітілді.
Директорлар кеңесінің жұмысын бағалау қорытындысы бойынша мыналар атап өтіледі:
- Банктің Директорлар кеңесі жеткілікті көңіл бөледі және шешім қабылдау кезінде қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, Банктің және оның Жалғыз акционерінің мүдделерін қорғауға бағдарланады;
- Директорлар кеңесінде Банктің қаржы-шаруашылық қызметіне тиісті бақылау жүргізу үшін барлық қажетті құралдар бар;
- Директорлар кеңесі стратегиялық міндеттердің орындалу барысына тұрақты мониторинг және бағалау жүргізеді, алайда Банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамы Банктің қажеттіліктеріне сәйкес келмейді;
- Директорлар кеңесі мен атқарушы орган Банк қызметіне маңызды әсер етуі мүмкін негізгі тәуекелдерге тиісті деңгейде көңіл бөледі;
- Директорлар кеңесінде болашақ мақсаттарға, стратегияға, саясатқа және ірі инвестициялық жобаларға қатысты маңызды шешімдерді байыпты қабылдау үшін жеткілікті уақыт пен ақпарат бар;
- Директорлар кеңесінің төрағасы Директорлар кеңесіне тиімді басшылық етеді;
- Директорлар кеңесінің төрағасы Банкті бақылау және оның стратегиясын әзірлеу жөніндегі міндеттерді тиісті деңгейде орындайды;
- Банктің Директорлар кеңесінде аналитикалық қабілеттер мен Қазақстан заңнамасын білу сияқты дағдылар мен біліктіліктер көбірек ұсынылуы қажет;
- Директорлар кеңесінің отырыстары Банктің Директорлар кеңесінің жұмыс жоспарына әрдайым сәйкес өткізіле бермейді;
- Директорлар кеңесінің отырыстары кезінде жасалатын баяндамалар салмақты шешімдер қабылдау үшін әрдайым жеткілікті түрде нақты ақпарат бере бермейді;
- Директорлар кеңесінің отырыстарында әрбір мәселені талқылауға жеткілікті уақыт бөлінеді;
- Директорлар кеңесінің мүшелері өздерінің бақылау функцияларын тиімді орындау үшін Банктің қызметі мен оның ерекшелігін зерделеуге жеткілікті уақыт бөледі.
Директорлар кеңесі комитеттерінің жұмысын бағалау қорытындысы бойынша Директорлар кеңесінің мүшелері комитеттердің кәсіби құрамы мен жұмысын да жоғары бағалады.