- Басты бет
- /
- Директорлар кеңесі жанындағы комитеттер
Директорлар кеңесі жанындағы комитеттер
Банкте Директорлар кеңесінің 4 комитеті жұмыс істейді:

Комитет Банктің қаржы-шаруашылық қызметіне тиімді бақылау жүйесін белгілеу, ішкі және сыртқы аудит мәселелері, оның ішінде қаржылық есептіліктің толықтығы мен дұрыстығы, Қазақстан Республикасының заңнамасын, ішкі құжаттарды сақтау мәселелері бойынша Директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындау арқылы Банктің Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында құрылды.
Комитет төрағасы кәсіби құзыреттерімен қатар өзі басқаратын Комитеттің қызметін тиімді ұйымдастыру үшін ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттерге, жақсы коммуникативтік дағдыларға ие.
Комитет Банктің Директорлар кеңесінің Комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби білімі, құзыреттері мен дағдылары бар мүшелерінен тұрады.
Комитет құрамына Директорлар кеңесінің бір мүшесі - Жалғыз акционердің өкілі және аудит және (немесе) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік және (немесе) тәуекелдерді басқару саласында жұмыс тәжірибесі бар екі тәуелсіз директор кіреді.

2025 жылы Банктің Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің 11 отырысы ұйымдастырылып, өткізілді. 55 мәселе қаралды, олар бойынша шешімдер күндізгі тәртіппен қабылданды.
Есепті кезеңде Банктің Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті қабылдаған неғұрлым маңызды шешімдер ретінде аудиторлық есептерді және Банктің 2024 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігін алдын ала мақұлдау атап өтіледі.
Тоқсан сайын Ішкі аудит департаментінің есептері қаралды, Ішкі аудит департаментінің кадр мәселелері және оның қызметкерлерін сыйлықақымен марапаттау мәселелері шешілді.
Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму жөніндегі комитет
Комитет Банктің қызметінің басым бағыттарын және оның даму стратегиясын әзірлеу мәселелері бойынша Директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындауды арттыру үшін құрылды, оның ішінде даму жоспарын/даму стратегиясын әзірлеу және өзектендіру, оның орындалуын мониторингтеу, даму жоспарында және/немесе даму стратегиясында белгіленетін ҚНК қою және мониторингтеу, негізгі тәуекелдерді сәйкестендіру, банктің тұрақты даму саласындағы стратегиясын алдын ала бекіту, сондай-ақ Банктің қызмет тиімділігін, оның ұзақ мерзімді құнын және тұрақты дамуын арттыруға ықпал ететін басқа да іс-шаралар мәселелері кіреді.
Комитет төрағасы кәсіби құзыреттерімен қатар өзі басқаратын Комитеттің қызметін тиімді ұйымдастыру үшін ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттерге, жақсы коммуникативтік дағдыларға ие.
Комитет Банктің Директорлар кеңесінің Комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби білімі, құзыреттері мен дағдылары бар мүшелерінен тұрады. Комитет құрамына Директорлар кеңесінің бір мүшесі және мына салалардың бірінде жұмыс тәжірибесі бар екі тәуелсіз директор кіреді: ақпараттық технологияларды дамыту; банктік қызметтерді дамыту және көрсету; тәуекелдерді басқару; бюджеттік жоспарлау.

2025 жылы Банктің Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму жөніндегі комитетінің 15 отырысы ұйымдастырылып, өткізілді. Күндізгі тәртіппен 44 мәселе қаралды, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму жөніндегі комитет алдын ала қараған мәселелер: Банктің 2024-2033 жылдарға арналған даму стратегиясы, Банктің 2024-2026 жылдарға арналған ақпараттық технологияларды дамыту стратегиясы, Басқарманың Банктің 2024 жылғы қызмет нәтижелері туралы есебі, Банктің Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін сақтау/сақтамау туралы 2024 жылғы есеп, 2024 жылға арналған жылдық есеп және Банктің 2024 жылға арналған тұрақты даму туралы есебі, сондай-ақ Банктің 2024 жылға дейінгі ақпараттық технологияларды дамыту стратегиясы бойынша есеп, «Отбасы банк» АҚ-ның 2024-2028 жылдарға арналған түзетілген даму жоспары (2025-2028 жылдарға арналған көрсеткіштер бөлігінде) және «Отбасы банк» АҚ-ның 2025 жылға арналған түзетілген жылдық бюджеті.
Комитет қарау қорытындысы бойынша мыналарды бекітуге ұсынды: «Отбасы банк» АҚ-ның 2024 жылға арналған түзетілген жылдық бюджеті, Банктің жылдық бюджеті мен рентабельділік көрсеткіштерінің орындалуы туралы есеп, сондай-ақ Банктің Жарғысына, Корпоративтік басқару кодексіне, Операцияларды жүзеге асырудың жалпы шарттарына және Банктің филиалдары туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар.
Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет
Комитет кадр саясаты, тағайындаулар және сыйақылар жүйесі саласында Директорлар кеңесінің құзыретіне жататын мәселелерді, сондай-ақ тұтастай және жеке алғанда Банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің, Банк Басқармасы мүшелерінің қызметін бағалау, Басқарма төрағасы мен мүшелерінің сабақтастығын жоспарлау және Корпоративтік хатшының қызметін бағалау мәселелерін терең пысықтау және мониторингтеу арқылы Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыру үшін құрылды.

2025 жылы Банктің Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің 12 отырысы ұйымдастырылып, өткізілді. Күндізгі тәртіппен 21 мәселе қаралды, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Есепті кезеңде Банктің Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті алдын ала қараған мәселелер: Банк Басқармасы мүшелерінің 2024 жылға арналған қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындауы туралы есеп, 2026 жылға арналған қызметтің негізгі көрсеткіштері карталары және олардың нысаналы мәндері, Банктің ұйымдастырушылық құрылымы, Корпоративтік хатшының ҚНК карталары, Корпоративтік хатшыны сайлау және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату.
Тоқсан сайын Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің және Корпоративтік хатшының жұмысы туралы есептер, Банк Басқармасы Директорлар кеңесіне ұсынатын есептілік тізбесіне сәйкес басқарушылық есептер алдын ала мақұлданды.
Тәуекелдер және ішкі бақылау жөніндегі комитет
Комитет Банктің Директорлар кеңесіне ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі мен тиімділігіне мониторинг жүргізу, Комплаенс қызметінің тәуелсіздігін бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасын, ішкі құжаттарды сақтау, кредиттік портфельдің сапасын талдау, тәуекел-аппетиттерді, тәуекелдерге толеранттылықты, тәуекелдердің жол берілетін деңгейлерін айқындау және есептеу әдістемесін алдын ала мақұлдау бойынша ұсынымдар дайындау арқылы Банктің Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ Банкте тәуекелдерді басқарудың барабар жүйесінің жұмыс істеуі, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру және нығайту мәселелері бойынша Банктің Директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындау мақсатында құрылды.

2025 жылы Банктің Директорлар кеңесінің Тәуекелдер және ішкі бақылау жөніндегі комитетінің 13 отырысы ұйымдастырылып, өткізілді. Күндізгі тәртіппен 70 мәселе қаралды, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Есепті кезеңде Банктің Директорлар кеңесінің Тәуекелдер және ішкі бақылау жөніндегі комитеті алдын ала қараған мәселелер: Банктің 2024 жылға арналған тәуекелдер және ішкі бақылау жөніндегі есептері, Банктегі қызметтің үздіксіздігін басқару жөніндегі 2024 жылға арналған есептер, бас комплаенс-бақылаушының ҚНК карталары. Банктің бірқатар ішкі құжаттары алдын ала мақұлданып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестендірілді.
Тоқсан сайын комплаенс-тәуекелді бақылау және комплаенс-бағдарламаны (жоспарды) орындау туралы есептер, сондай-ақ Банк Басқармасы Директорлар кеңесіне ұсынатын есептілік тізбесіне сәйкес басқа да басқарушылық есептер алдын ала мақұлданып, бекітуге ұсынылды.
Жеңілдікті шарттар бермей, Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалатын мәмілелер алдын ала мақұлданды.