Тұрақты даму туралы есеп 2025
  • Басты бет
  • /
  • Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл

Банк негізгі мүдделі тараптармен сапалы және тұрақты өзара қарым-қатынастарды қолдауға ұмтылады және негізгі шешімдерді қабылдау мен операциялық қызметті жүргізу кезінде олардың мүдделерін ескереді.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл қағидаттары мен рәсімдерін Корпоративтік басқару кодексі және Тұрақты даму саясаты айқындайды.

Директорлар кеңесі негізгі мүдделі тараптармен онлайн-құралдар және жеке кездесулер арқылы белсенді диалог құру практикасын ұстанады, сондай-ақ Банктің жария есептері арқылы стейкхолдерлер үшін ақпараттың ашылуын қадағалайды.

Банк мүдделі тараптарды Банктің операциялық қызметіне ықпал ете алатын немесе оның қызметінің әсеріне ұшырайтын тараптар ретінде айқындайды. Банкте негізгі мүдделі тараптардың тізбесін және олардың ықпал ету дәрежесін белгілейтін Стейкхолдерлер картасы бекітілген. Карта әрбір стейкхолдермен жұмыс істеудің тиімді стратегиясын қалыптастыру үшін Банктің іскерлік ортасы туралы ақпаратты жүйелеуге және көрнекі түрде ұсынуға арналған. Стейкхолдерлерді айқындау және олармен жұмыс жүргізу бизнестің іскерлік беделін, компанияның капиталдануын арттыруға, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғалармен тиімді әрі теңгерімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған құралдардың бірі болып табылады. Осы құжатпен Банктің hcsbk.kz ресми сайтындағы «Тұрақты даму / ESG саясаттары» бөлімінде танысуға болады.

 

Мүдделі тараптардың негізгі топтары олардың Банкке ықпал ету деңгейіне және Банктің мүдделі тараптарға ықпал ету деңгейіне қарай таңдалды.

 

Банктің мүдделі тараптармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру процесі тартылу қағидатына негізделген, ол Банк қызметін басқару процесінің барлық кезеңдерінде мүдделі тараптардың мүдделерін ескеруді және мүдделі тараптарды маңызды тақырыптар мен өзекті мәселелерді, ықтимал тәуекелдер мен жауапкершілік шектерін талқылауға тартуды білдіреді.

Өзгерістер туралы тұрақты түрде ақпараттандыру үшін Банк стейкхолдерлерді тартудың әртүрлі әдістерін және өзара іс-қимыл тетіктерін пайдаланады, мысалы, ашық дереккөздерде ақпараттандыру (Банктің hcsbk.kz ресми сайты, Банктің әлеуметтік желілері), қанағаттанушылық сауалнамалары және кері байланыс тетіктері және т.б. Өзара іс-қимыл тетіктеріне бірлескен бағдарламалар мен жобалар, ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу, дөңгелек үстелдер өткізу және ақпарат жариялау кіреді. Өзара іс-қимыл Банктің стратегиялық жоспарлау, қаржылық және операциялық қызмет, жобаларды басқару сияқты әртүрлі жұмыс бағыттарын қамтиды. Әрбір мүдделі тарап өз кезегінде Банктің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Банкте Жалғыз акционерді, клиенттерді, контрагенттерді және инвесторларды қоса алғанда, стейкхолдерлермен тиімді өзара іс-қимыл жасауға бағытталған кешенді коммуникациялық стратегия іске асырылады, ол он жылдық кезеңге әзірленген. Стратегияда коммуникация әдістері сипатталған, сондай-ақ диалогтың нақты іс-шаралары мен күтілетін нәтижелері көрсетілген. Коммуникациялық стратегия құрамына кіретін медиажоспар ақпаратты таратудың тоқсандық және айлық жоспарларын, тарату әдістері мен арналарын, оның ішінде БАҚ-пен бейресми кездесулерді, клиенттер мен Банктің басқа да стейкхолдерлерінің қатысуымен жыл сайынғы іс-шараларды айқындайды.

Стейкхолдерлердің Банк үшін маңыздылығын айқындау үшін стейкхолдерлер сауалнамасын қамтитын бедел аудиті жүргізіледі. Нәтижесінде клиенттерге сауалнама жүргізудің жыл сайынғы нәтижелері белгіленеді, олардың мақсаты кері байланыс жинау және одан әрі жақсарту бағыттарын айқындау болып табылады. Алынған нәтижелер жоспарлауға және жұмыс тиімділігіне ықпал етеді.

Банктің әрбір стейкхолдермен өзара іс-қимыл стратегиясын, сондай-ақ ықпал ету құралдарын Банктің құрылымдық бөлімшелері қызмет ерекшелігіне қарай дербес айқындайды.

Банктің мүдделі тараптардан сұрақтар және/немесе шағымдар алу тетіктері және оларға уақтылы ден қою тәртібі, оның ішінде шағымдарды қарау тетіктері мен сыртқы коммуникация тетіктері Банктің hcsbk.kz ресми сайтында «Тұрақты даму» / «Корпоративтік жауапкершілік» бөлімінде көрнекі түрде ұсынылған.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасауға жауапты Банк қызметкерлері Банктің тиісті өндірістік құжаттарымен айқындалады және олардың байланыс деректері Банктің hcsbk.kz ресми сайтында «Тұрақты даму» / «ESG байланыстары» бөлімінде орналастырылады.