Тұрақты даму туралы есеп 2025

Комплаенс-тәуекелді басқару

Банкте ішкі бақылау және тәуекел-менеджмент жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде комплаенс-тәуекелді басқару жүйесі жұмыс істейді. Комплаенс-бақылау Қазақстан Республикасы заңнамасының, уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің, Банктің ішкі құжаттарының және қолданылатын халықаралық талаптардың сақталмау тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған.

Комплаенс-тәуекелді басқару үш қорғаныс желісі моделі негізінде атқарылады:

-     бірінші желі - бірінші деңгейдегі бақылауды жүргізетін Банктің құрылымдық бөлімшелері;

-     екінші желі - Бас комплаенс-бақылаушы басқаратын және екінші деңгейдегі тәуелсіз бақылауды қамтамасыз ететін комплаенс-бақылау бөлімшесі;

-     үшінші желі - жүйенің тиімділігіне тәуелсіз бағалау жүргізетін ішкі аудит бөлімшесі.

Комплаенс-бақылау бөлімшесі комплаенс-тәуекелдерді сәйкестендіруді, бағалауды және мониторингтеуді жүзеге асырады, комплаенс-тәуекелдер тізілімі мен картасын жүргізеді, ішкі процестердің заңнамаға сәйкестігіне тұрақты тексерулер өткізеді.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) туралы заңнама талаптары шеңберінде Банкте қаржылық мониторинг жүйесі жұмыс істейді, «Өз клиентіңді біл» қағидаты енгізілген, уәкілетті органға ақпаратты уақтылы ұсыну қамтамасыз етіледі.

Банк қолданылатын санкциялық режимдерді сақтайды және халықаралық экономикалық санкциялармен тыйым салынған операцияларды жүргізбейді.

Есепті жылы комплаенс-бақылау бөлімшесі жоспарлы тексерулер жүргізді, заңнамадағы өзгерістерге мониторинг өткізді, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ бойынша жекелеген рәсімдерді автоматтандыруды қамтамасыз етті, Банктің Басқармасы мен Директорлар кеңесіне тұрақты есептілік дайындады, сондай-ақ комплаенс-мәдениетті нығайтуға бағытталған оқыту іс-шараларын өткізді.