- Басты бет
- /
- Климаттық өзгерістерді, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді басқару
Климаттық өзгерістерді, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді басқару
Банк IFRS S2 қоса алғанда, халықаралық стандарттарға, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің әдіснамалық нұсқауларына бағдарлана отырып, климаттық тәуекелдерді тәуекелдерді басқарудың жалпы жүйесіне интеграциялауды дәйекті түрде дамытып келеді. Климаттық факторлар банктік тәуекелдердің дәстүрлі санаттарын - кредиттік тәуекелден бастап операциялық және стратегиялық тәуекелге дейін - тікелей немесе жанама түрде күшейте алатынын түсіну Банктің осы тәуекелдерді басқаруға жүйелі тәсілінің негізіне алынды.
Банк халықаралық консультанттармен бірлесіп, физикалық және өтпелі тәуекелдерді жіктеуді қамтитын климаттық тәуекелдерді бағалаудың меншікті әдіснамасын әзірледі. Әдіснама шеңберінде географиялық деректерді, кепілдер туралы деректерді және жылжымайтын мүлік түрлерін пайдалана отырып, кредиттік портфельдің климаттық тәуекелдерге ұшырау деңгейіне бастапқы диагностика жүргізілді. Соның нәтижесінде ипотекалық портфельдің су тасқындарына, температуралық ауытқуларға және басқа да климаттық құбылыстарға қатысты ең осал аймақтары анықталды. Климаттық факторлардың портфельге әсерін стресс-тестілеу және сценарийлік талдау Банктің тәуекелдерді бағалау жөніндегі тұрақты практикасына енгізілді.
Климаттық тәуекелдерді басқару қолданыстағы тәуекел-процеске біріктірілген және сәйкестендіру, бағалау, мониторинг пен ден қою кезеңдерін қамтиды. Физикалық тәуекелдер - экстремалды ауа райы жағдайларынан (су тасқындары мен көшкіндер) кепіл мүлкінің зақымдану ықтималдығы сияқты - энергия тиімділігі нормаларының қатаңдауымен, энергия тиімді тұрғын үйге сұраныстың өсуімен және қорландыру саясатының өзгеруімен байланысты өтпелі тәуекелдермен қатар бағаланады.
Есепті жылы Банк климаттық факторларды тәуекел-аппетитке, тәуекелдер тізіліміне және есептілікке енгізу бойынша ішкі рәсімдерді әзірлеп, енгізді, сондай-ақ қызметтің негізгі көрсеткіштерін (ҚНК) бекітті. Климаттық тәуекелдер тәуекелдерді бағалау және басқару процестеріне интеграцияланды, Тұрақты даму стратегиясы климаттық әсерді басқару және парниктік газдар шығарындыларын қысқарту саласындағы қызметтің негізгі көрсеткіштерін бекітеді. Бұдан басқа, Банк қысқа, орта және ұзақ мерзімді көкжиектерде капитал мен өтімділіктің жүйелі климаттық күйзелістерге тұрақтылығын бағалау үшін климаттық стресс-тестілеу және сценарийлік талдау практикасын енгізді.
Банк күшейіп келе жатқан экологиялық және реттеушілік сын-қатерлер жағдайында бейімделгіштікті, ашықтықты және сенімділікті қамтамасыз ететін климаттық тәуекелдерді басқарудың кешенді, сандық тұрғыдан негізделген және стратегияға кіріктірілген тетігін қалыптастырады.