- Басты бет
- /
- Қызметкерлермен басшылықтың қарым-қатынасы
Қызметкерлермен басшылықтың қарым-қатынасы
Қызметкерлер мен басшылық арасындағы өзара қарым-қатынас шеңберінде Банкте тұрақты түрде мыналар өткізіледі:
- операциялық қызмет мәселелері бойынша басшы қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен апта сайынғы жоспарлау кеңестері;
- есепті кезең үшін бекітілген Мақсаттар карталарына қол жеткізу мәселелері бойынша Басқарма төрағасының құрылымдық бөлімшелер басшыларымен тоқсан сайынғы кездесулері;
- Банк қызметкерлері мен басшылығы арасындағы тұрақты, еркін және тиімді жұмыс өзара іс-қимылы.
Сондай-ақ Банкте Банк басшылығының қатысуымен бірлескен команда қалыптастыруға бағытталған корпоративтік іс-шаралар, тренингтер және спорттық іс-шаралар өткізіледі.
Банкте жұмыс уақытын реттеу бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болған жағдайда 8 сағаттан аспауға тиіс деген қағидатқа негізделеді. Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты белгіленген жұмыс аптасының ұзақтығы сақтала отырып, Банктегі еңбек қатынастары және ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен, еңбек шарттарымен және ұжымдық шартпен айқындалады.
Ұжымдық шарттың қолданылуы жұмыс берушіге және атынан ұжымдық шарт жасалған Банк қызметкерлеріне, сондай-ақ жазбаша өтініш негізінде оған қосылған қызметкерлерге қолданылады. Банкте қызметкерлердің жалпы санының 100%-ы ұжымдық шарттармен қамтылған. Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, тараптар өкілдерінің өкілеттіктерін, еркін таңдау, оның мазмұнын құрайтын мәселелерді талқылау және шешу еркіндігін, қабылданған міндеттемелерді нақты қамтамасыз ету қағидаттарын сақтай отырып, ерікті түрде жасалды.