Тұрақты даму туралы есеп 2025

Экономикалық нәтижелілік

Экономикалық құнды бөлу, млн теңге

Экономикалық құн көрсеткіштерін есептеу GRI 201-1 «Құрылған және бөлінген тікелей экономикалық құн» стандартының талаптарына сәйкес Банктің шоғырландырылған қаржылық есептілігі деректері негізінде жүзеге асырылды. Құрылған тікелей экономикалық құн құрамына Банктің негізгі қызметін жүзеге асыру шеңберінде қалыптастыратын экономикалық құндылықты құрайтын кірістердің негізгі түрлері енгізілді: клиенттерді кредиттеуден түскен кіріс, қаржылық инвестициялардан түскен кіріс және өзге де түсімдер.

2025 жылы Банк құрған тікелей экономикалық құн 423,7 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 21,2%-ға ұлғайды.

2025 жылы бөлінген экономикалық құн 372,2 млрд теңгені құрады. Құрылған құнның едәуір бөлігі акционерлер мен кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша төлемдерге, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге, операциялық шығыстарға және мемлекеттік бюджетке салық төлемдеріне бағытталды. Салықтар мен алымдар бойынша шығыстар 40,5 млрд теңгені құрады, бұл Банктің мемлекеттік кірістерді қалыптастыруға және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін көрсетеді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыра отырып, Банк клиенттер, мемлекет және қоғам үшін ұзақ мерзімді экономикалық құн қалыптастырады. Азаматтарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін қолжетімді құралдар ұсына отырып, Банк халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, тұрғын үй құрылысын дамытуға және Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайтуға ықпал етеді.