- Басты бет
- /
- Тұрақты даму стратегиясы
Тұрақты даму стратегиясы
2025 жылғы маусымда Банктің Директорлар кеңесі 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму стратегиясын бекітті. Банк ұлттық даму институты ретінде Қазақстанның орнықты қаржы жүйесін қалыптастыруда және азаматтардың лайықты әрі қолжетімді тұрғын үйге қол жеткізуі арқылы олардың өмір сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Елдегі тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің негізгі қатысушысы бола отырып, Банк тұрақты дамуды өзінің миссиясының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады: отбасыларды жеке баспанамен қамтамасыз ету арқылы Отанға деген сүйіспеншілікті нығайтып, ұзақ мерзімді әл-ауқатты арттыру.
2030 жылға дейінгі Тұрақты даму стратегиясы тұрақты даму қағидаттарын (Environmental, Social, Governance) Банктің барлық қызмет бағыттарына, өнімдерді әзірлеуден бастап ішкі мәдениет пен сыртқы есептілікке дейін, кіріктіруді бекітеді. Стратегияны орындау БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосуға және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық прогресін қолдауға бағытталған.
Негізгі басымдықтар
Экологиялық орнықтылық. Банк энерго тиімді тұрғын үй сатып алуға арналған «жасыл» ипотека бағдарламаларын қоса алғанда, «жасыл» қаржыландыру құралдарын дамытады. Сонымен қатар энергия үнемдеу, цифрландыру және «жасыл офис» қағидаттарын енгізу арқылы өзінің экологиялық әсерін төмендетеді. 2023 жылдан бастап парниктік газдар шығарындылары 1 және 2-қамтулар бойынша, ал 2024 жылдан бастап 3-қамту бойынша да есептеледі. Оның ішінде ипотекалық портфель бойынша қаржыландырылатын шығарындылар да қамтылады.
Әлеуметтік инклюзия және тұрғын үйдің қолжетімділігі. Банк стратегиясының әлеуметтік құрамдасы халықтың осал топтары үшін жеңілдетілген ипотекалық кредиттеуге қолжетімділікті кеңейту, жалдау ақысын субсидиялау бағдарламаларын дамыту және тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану арқылы орындалады. Банк нысаналы әлеуметтік әсері бар кредиттер үлесін ұлғайтуға ұмтылады және мемлекеттік әрі өңірлік серіктестермен белсенді ынтымақтастық орнатады.
Корпоративтік жауапкершілік және басқару. Стратегия корпоративтік басқарудың, ашықтық пен этиканың жоғары стандарттарына негізделеді. Жауапкершілік, есеп берушілік және мүдделі тараптар мүдделерінің теңгерімі қағидаттарын сақтауға ерекше назар аударылады. Бұл инвесторлар, клиенттер және жалпы қоғам тарапынан сенімді нығайтуға ықпал етеді. Директорлар кеңесі мен бейінді комитеттер Стратегияның орындалуын, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқаруды, сондай-ақ ақпаратты ашуды қадағалайды.
Тәуекелдерді басқару және климаттық күн тәртібі
Банк физикалық және өтпелі климаттық тәуекелдерді бағалауды, сондай-ақ климаттық стресс-тестілеуді қамтитын ESG-тәуекелдерді басқарудың кешенді жүйесін енгізді. Экологиялық және климаттық факторлар тәуекел-менеджменттің жалпы жүйесіне кіріктірілген, бұл бизнестің сыртқы ортадағы өзгерістерге төзімділігін арттыруға ықпал етеді.
2030 жылға дейінгі мақсаттар мен бағдарлар
Тұрақты даму стратегиясы шеңберінде Банк тұрақты даму саласындағы мынадай өлшенетін ҚНК-ны айқындады:

Тұрақты даму саласындағы ҚНК-ны орындау Банкке прогресті жүйелі түрде бақылауға, стратегиялық және операциялық бастамаларды уақтылы түзетуге, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізіп, барлық мүдделі тараптар үшін орнықты құндылықты арттыруға жағдай жасайды.
Тұрақты даму стратегиясы Банктің бизнес-моделіне кіріктірілген және қызметтің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерін басқарудағы жүйелі тәсілді көрсетеді. Оның іске асырылуы қаржылық орнықтылық, әлеуметтік маңыздылық және экологиялық жауапкершілік арасындағы теңгерімді сақтауға ықпал етіп, Қазақстанның ұзақ мерзімді және инклюзивті дамуы үшін негіз қалыптастырады.