Тұрақты даму туралы есеп 2025

Сатып алулар

Банк сатып алу рәсімдерінің ашықтығын, айқындығын және тиімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады. Олар 2021 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №1253 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу процесінде Банк сатып алу рәсімдерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін заманауи ақпараттық жүйелерді белсенді қолданады, оның ішінде тендер, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден алу тәсілдерімен, сондай-ақ электрондық дүкен арқылы сатып алу кезінде. Цифрлық құралдарды пайдалану тиімділікті арттыруға, әкімшілік тәуекелдерді төмендетуге және қатысушылардың сатып алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Сатып алуды жүзеге асыру мынадай қағидаттарға негізделеді:

1)        сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

2)        жеткізушілердің коммерциялық құпияға құқықтары және (немесе) заңды мүдделері сақтала отырып, сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы (тендер қорытындысы шығарылғанға дейін);

3)        әлеуетті жеткізушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу;

4)        сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;

5)        сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

6)        Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің отандық жеткізушілеріне қолдау көрсету;

7)        инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

8)        осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жеткізушілерге сатып алу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

9)        сатып алынатын тауарларда қамтылған зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау.

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушілерді іріктеу Қазақстан Республикасының заңнамасында және Банктің ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

2025 жылғы сатып алу қызметінің негізгі көрсеткіштері төмендегі кестеде ұсынылған және есепті кезеңдегі нақты төлемдердің орындалуы туралы деректерді көрсетеді. «Жергілікті» ұғымының географиялық анықтамасы АО «Отбасы банкінің» орналасқан еліне және негізгі қызметін жүзеге асыратын орнына – Қазақстан Республикасына сәйкес келеді.

Сатып алу қызметінің негізгі көрсеткіштері төменгі кестеде ұсынылған:

Қосымша ретінде Банк нақты төлемдер негізінде орындалу көрсеткіштерін қамтитын және жеткізушілердің тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша есептерімен расталған мәліметтер ескерілген Сатып алу жоспары мен Ұзақ мерзімді сатып алу жоспарының орындалу көрсеткіштерін ашады. Мұндай есептер кейінгі есепті кезеңдерде ұсынылуы мүмкін болғандықтан, есептеуге есепті жылы да, алдыңғы жылдары да жасалған шарттар бойынша мәліметтер енгізілуі мүмкін. Есептеу әдістемелерінің айырмашылығына байланысты осы кестедегі көрсеткіштер жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен тікелей салыстырылмайды.

 

Сатып алу бойынша қосымша егжей-тегжейлі ақпарат, оның ішінде тауарлар, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар бойынша құрылым, сондай-ақ жергілікті қамту көрсеткіштері Банктің hcsbk.kz ресми сайтындағы «Тұрақты даму / ESG есептілігі» бөлімінде орналастырылған ESG Databook-та ұсынылған.