Тұрақты даму туралы есеп 2025

Оқыту және білім беру

Персоналды дамыту кез келген ұйым табысының құрамдас бөліктерінің бірі екенін ескере отырып, Банк жыл сайын персоналды оқытуға және дамытуға қаражат жоспарлайды. Банктегі білім беру бағдарламалары басшылық құрамнан бастап мамандарға дейін барлық қызметкерлерді қамтиды.

2025 жылы оқудан өткен Банк қызметкерлерінің саны туралы ақпарат келесі кестеде келтірілген:

*Көрсеткіш сыртқы оқудан өткен әйелдер санының қызметкер-әйелдердің жалпы нақты санына қатынасы ретінде есептеледі.

** Көрсеткіш сыртқы оқудан өткен ерлер санының қызметкер-ерлердің жалпы нақты санына қатынасы ретінде есептеледі.

 

Банк қызметкерлерін оқытуға жұмсалған шығындар

* Қызметкерлерді оқытуға байланысты іссапар шығыстарын есепке алмағанда.

 

2025 жыл ішінде Банк қызметкерлері үшін Банктің базасында нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, Банк қызметкерлерінің тұрақты даму саласындағы хабардарлығын арттыру, IT-инфрақұрылымды жетілдіру және жаңа ақпараттық жүйені енгізу шеңберіндегі Банктің жаңашылдықтары бойынша оқу іс-шаралары тұрақты негізде өткізілді. Оқыту іс-шаралары Банктің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті Банк қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен уәждемесін арттыру мақсатында да ұйымдастырылды. Бұдан басқа, Банк қызметкерлері кәсіби дағдыларды дамыту және әлемдік тәжірибені зерделеу мақсатында әртүрлі бағыттар бойынша онлайн-форматтағы сыртқы семинарларда, курстарда және тренингтерде оқудан өтті. Банк қызметкерлері кәсіби біліктілігін арттыру және сертификаттаудан өту мақсатында кезеңдік негізде міндетті мамандандырылған курстардан өтеді.

2025 жылға арналған жоспар 27 іс-шараны көздегеніне қарамастан, Банктің Орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері үшін ішкі оқыту бойынша 47 іс-шара өткізілді. Ішкі оқыту Банктің барлық қызметкерлерін 100% қамтиды. Ішкі оқыту тақырыптары әртүрлі бағыттарды қамтыды: ішкі бақылау жүйесі, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, заңды тұлғаларға қызмет көрсету, Банктің қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардарлық деңгейін арттыру, алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, Банктің даму стратегиясы, банк құпиясын сақтамаудың салдары, корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу саясаты, операциялық тәуекелдерді және қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесі, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, комплаенс-тәуекелдерді басқару жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және басқа да тақырыптар.

Есепті кезеңде Банкте қашықтан оқытудың жаңа платформасы - HR Portal енгізілді, оған ресми көшу 2025 жылғы 31 шілдеде жүзеге асырылды. Персоналды оқыту және дамыту процестерін цифрландыру мен автоматтандыру, сондай-ақ HR Portal функционалын одан әрі жетілдіру шеңберінде мынадай модульдер іске қосылды: «Каталог» (курстар базасын құрылымдық санаттарға бөлу), курстар мен оқу бағдарламаларын «Автоматты түрде тағайындау», «Іс-шаралар», «Күнтізбе», іс-шараларға қатысуға арналған «Өтінім беру жүйесі» және «Білім базасы».

Есепті жыл ішінде Банктің барлық қызметкерлеріне арналған HR Portal қашықтан оқыту жүйесіндегі электрондық интерактивті курстар кітапханасын тұрақты түрде жаңарту және кеңейту қамтамасыз етілді. Бұл оқытудың қолжетімділігін арттыруға және персоналдың кәсіби құзыреттерін дамытуға ықпал етті.

Білім беру контентін дамыту шеңберінде мынадай оқыту курстары әзірленіп, енгізілді:

1)                 «Отбасы Банкке қош келдіңіз!» (жаңа қызметкерге арналған welcome-курс);

2)                 «Гендерлік теңдік».

Сонымен қатар Банктің қызметкерлері өздерінің кәсіби деңгейін арттыруға және еңбек міндеттерін тиімді орындау үшін қажетті құзыреттерді дамытуға бағытталған сыртқы оқытудан өтті. Сыртқы оқыту аясында Банктің қызметкерлері әртүрлі кәсіби тақырыптарға, оның ішінде тұрақты даму және ESG мәселелеріне арналған курстар мен семинарларға қатысты. 54 қызметкер тұрақты даму және ESG саласында кәсіби сертификаттарға ие болды. Есепті кезеңде Банктің қызметкерлері қаржы нарығының түрлі кәсіби қатысушылары, оның ішінде реттеуші ұйымдастырған тұрақты даму және ESG саласындағы әртүрлі конференциялар мен іс-шараларға онлайн және офлайн форматтарда қатысты.

Қызметкерлердің сыртқы оқыту сағаттарының саны

* Көрсеткіш өткізілген сыртқы оқытудың жалпы сағат санының қызметкерлердің тізімдік санына қатынасы ретінде есептеледі.

 

2025 жыл бойынша оқыту сағаттарының орташа саны

* Көрсеткіш оқыту сағаттарының жалпы санының қызметкерлердің тізімдік санына қатынасы ретінде есептеледі.

Тұрақты даму және ESG мәселелері бойынша қызметкерлердің сыртқы оқыту сағаттарының саны

* Көрсеткіш тұрақты даму және ESG мәселелері бойынша өткізілген сыртқы оқытудың жалпы сағат санының тұрақты даму және ESG мәселелері бойынша сыртқы оқытудан өткен қызметкерлер санына қатынасы ретінде есептеледі.

 

Банкте тоқсан сайын Банктің Орталық аппараты қызметкерлерінің тиімділігі бағаланады. Бағалау барлық қызметкерлерге ҚНК белгілеу және есепті кезеңдегі олардың орындалуын Банктің алқалы органдарында қарау арқылы атқарылады. Есепті жылы Орталық аппарат қызметкерлерінің 100%-ы тиімділікті тоқсандық бағалаудан өтті.

Еңбек заңнамасы шеңберінде қызметкермен еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзған кезде белгіленген екі лауазымдық айлықақыға дейінгі мөлшерде өтемақы төлеу және/немесе нақты жұмыс істеген уақыты үшін есепті кезеңдегі қызмет нәтижелері бойынша, қызметтің негізгі көрсеткіштері картасының орындалуы туралы ұсынылған есеп негізінде сыйлықақы беру және/немесе өткен оқытуға жұмсалған шығыстарды өтемеу туралы шешім қабылдануы мүмкін. Сондай-ақ еңбек шарты бұзылған кезде қызметкерге оның біліктілігі және жұмысқа деген көзқарасы туралы мәліметтерді қамтитын ұсыным хат берілуі мүмкін.