Тұрақты даму туралы есеп 2025

Корпоративтік басқару жүйесі

Банк корпоративтік басқаруды өз қызметінің тиімділігін арттыру, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету, беделін нығайту және капитал тарту шығындарын төмендету құралы ретінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында заң үстемдігін қамтамасыз етуге қосатын үлесі және Банктің қазіргі экономика мен жалпы қоғамдағы орнын айқындайтын фактор ретінде қарастырады.

Банктің корпоративтік басқаруы әділдік, адалдық, жауапкершілік, ашықтық, кәсібилік және құзыреттілік қағидаттарына негізделеді. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы Банктің қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді көздейді және Банктің табысты қызметіне, оның ішінде оның құндылығының өсуіне, қаржылық тұрақтылығы мен табыстылығын қолдауға ықпал етеді.

Банктегі корпоративтік басқару жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастар халықаралық практика негізінде әзірленген Корпоративтік басқару кодексімен және Банктің басқа да ішкі құжаттарымен реттеледі. Банктің корпоративтік басқару құрылымы заңнамаға сәйкес келеді және Банк органдары арасындағы міндеттердің бөлінуін айқындайды.

Банктің Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Банктің корпоративтік басқару қағидаттары мыналар болып табылады:

 

Корпоративтік басқару жүйесін бағалауды Банктің Ішкі аудит департаменті Банктің ішкі аудитін ұйымдастыру қағидаларының талаптарына сәйкес мерзімді түрде, бірақ кемінде екі жылда бір рет жүргізеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банктің ұйымдық құрылымы мынадай басқару органдарынан тұрады:

-     жоғары орган – Жалғыз акционер;

-     басқыру органы– Совет директоров. Банктің Директорлар кеңесі жанында 4 комитет жұмыс істейді: Аудит комитеті (қаржылық бақылау, ішкі және сыртқы аудит, қаржылық есептілік және тәуекелдер мәселелерін қарайды), Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму комитеті (стратегиялық даму, инвестициялық және қаржылық қызмет, корпоративтік басқару және тұрақты даму мәселелерін қарайды), Тәуекелдер және ішкі бақылау комитеті (тәуекелдер, ішкі бақылау, комплаенс және қаржылық орнықтылық мәселелерін қарайды) және Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитеті (кадрлық тағайындаулар, уәждеме және корпоративтік басқару мәселелерін қарайды);

-     атқарушы орган - Басқарма. Банктің Басқармасы жанында 11 комитет жұмыс істейді: Стратегия және корпоративтік даму комитеті, Активтер мен пассивтерді басқару комитеті, Банктік өнімдер мен процестер және қызмет көрсету сапасы комитеті, Кредиттік комитет, Ақпараттық ресурстар комитеті, Бюджет комитеті, Контроллинг комитеті, Кадр мәселелері жөніндегі комитет, Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, Тәуекелдер жөніндегі комитет, Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, жатып қалған қорлардың құнын айқындау және оларды есептен шығару мәселелерін қарау жөніндегі комиссия;

-      Банктің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізетін орган - ішкі аудит бөлімшесі;

-     Қазақстан Республикасының заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Банктің түрлі қызмет бағыттарын іске асыру үшін құрылатын Банктің өзге де тұрақты жұмыс істейтін алқалы органдары.

Банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасы арасындағы қатынастар корпоративтік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі. Директорлар кеңесі мен Басқарманың құқықтары, міндеттері және құзыреті Жарғы, Корпоративтік басқару кодексі сияқты ішкі және құрылтай құжаттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы банктердің қызметін реттейтін заңнама мен нормативтік актілерде айқындалады және бекітіледі.