- Басты бет
- /
- Тәуекелдерді басқару
Тәуекелдерді басқару
Банкте климаттық тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу реттеушілердің талаптарына, халықаралық стандарттарға және климаттық факторлардың қаржылық тұрақтылыққа артып келе жатқан әсеріне бейімделудің негізгі элементі болып қала береді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша бұрын әзірленген климаттық тәуекелдерді бағалау әдіснамасы Банктің практикасына енгізілді. Кредиттік портфельдің физикалық және өтпелі климаттық тәуекелдерге ұшырау деңгейі тұрақты түрде бағаланады, оның ішінде Банктің қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективадағы қаржылық тұрақтылығына ықпалы ескеріледі. Жағымсыз климаттық құбылыстардың жиілігі мен салдарының артуына, сондай-ақ құрылыс секторындағы энергия тиімділігі бөлігінде ұлттық талаптардың қатаңдауына байланысты маңызды климаттық тәуекелдер стратегиялық және бюджеттік жоспарлау, андеррайтинг және капиталды басқару процестеріне интеграцияланған.
Жүйе Банкке тәуекелдердің сыртқы және ішкі климатының өзгерістеріне уақтылы ден қоюға жағдай жасайды, бұл бизнес-модельдің тұрақтылығын және халықаралық әрі ұлттық стандарттарға сәйкестікті нығайтады.