- Басты бет
- /
- Акцияларға иелік ету және дивидендтер
Акцияларға иелік ету және дивидендтер
Акционерлік капитал (қазақстандық мың теңгемен, акциялар санын қоспағанда)

Банк Жалғыз акционер үшін дивидендтерді төлеу шарттары мен тәртібіне, Банктің қаржылық жағдайына және өзге де ақпаратқа қатысты барлық қажетті ақпаратты ашады. Дивидендтерді төлеу үшін Банк Жалғыз акционер бекіткен Холдингтің еншілес ұйымдары төлейтін дивидендтердің мөлшерін айқындау тәртібін басшылыққа алады.
Дивидендтер мөлшерін есептеу Банктің жылдық аудиттелген қаржылық есептілігінде көрсетілген таза кіріс сомасы негізінде жүргізіледі. Дивидендтер мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып айқындалады.
Дивидендтер мөлшерін Жалғыз акционер тиісті кезеңдер үшін пайданы бөлу тәртібін бекіту туралы мәселені қараған кезде ерекше тәртіппен айқындауы мүмкін.
Акциялардың номиналдық құны 1 жай акция үшін 10,000.00 теңгені құрайды.
2025 жылғы 21 мамырда Банктің Жалғыз акционері Банктің 2024 жылғы таза пайдасын бөлу және жалпы сомасы 100 004 603 мың теңге дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады (2025 жылғы 30 желтоқсандағы өзгерістерді ескере отырып). Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 12 771,98 теңгені құрады. Дивидендтердің түпкілікті траншы 2025 жылғы 30 желтоқсанда төленді. 2024 жылы 2023 жылға арналған дивидендтердің жалпы сомасы 44 258 292 мың теңгені құрады, бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 5 652,40 теңге болды. Дивидендтер 2024 жылғы 12 тамызда төленді.
Бас компанияның шешімі негізінде Банктің жарияланған акцияларын шығару проспектісіне Банктің жарияланған акцияларының санын 4,990 мың данаға ұлғайтып, жалпы санын 12,820 мың данаға дейін жеткізу бөлігінде өзгерістер енгізілді. Жарияланған акциялар шығарылымының проспектісіне енгізілген өзгерістер 2023 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде тіркелді. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жарияланған акциялар орналастырылған жоқ.