- Басты бет
- /
- Персоналдың құрамы мен құрылымы
Персоналдың құрамы мен құрылымы
2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Банктің қызметкерлерінің жалпы саны географиялық өңір, жынысы, жас топтары және жұмыспен қамтылу түрі бойынша бөліністе төмендегі кестеде ұсынылған:
* Қызметкерлердің тізімдік саны жүктілікке және босануға, бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты және жалақы сақталмайтын демалыстарда жүрген қызметкерлер ескеріле отырып келтірілген.
2024 жылға арналған ұқсас деректер төменде ұсынылған:
2023 жылға арналған ұқсас деректер төменде ұсынылған:
2025 жылы Банктің штаттық саны 2024 жылғы деңгейде сақталып, 1 584 бірлікті құрады, ал есепті күнге «жұмыс істеп тұрған» мәртебесіндегі қызметкерлер нақты саны 1 536 адам болды. 2025 жылы қызметкерлердің тізімдік саны 1 650 адам болды. Тізімдік сан бойынша көрсеткіш есепті күнге Банкпен еңбек қатынастарында тұрған барлық қызметкерлерді, оның ішінде жүктілікке және босануға байланысты демалыстағы, бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлерді қамтуды көздейтін нақтыланған есептеу тәсілі бойынша қалыптастырылды.
Қызметкерлер санының өсуі сондай-ақ ағымдағы кадрлық үдерістерге, уақытша болмаған қызметкерлерді алмастыруға және Орталық аппарат пен филиалдық желінің штаттық жасақталуын қамтамасыз етуге байланысты.
Есепті жылы жұмысқа қабылданған қызметкерлердің пайызы қызметкерлердің штаттық санының 16%-ын құрады. Банктің бос лауазымдарына конкурстық іріктеу рәсімі бірнеше кезеңнен тұрады, оның ішінде: кадрларға қажеттілікті айқындау, кандидаттарды іріктеу және түйіндемелерді талдау, кандидаттармен алдын ала әңгімелесу, кәсіби тестілеу өткізу.
Есепті кезеңде жұмысқа қабылданған жаңа қызметкерлердің/қызметкерлердің жалпы саны
Төмендегі кестеде есепті кезеңде жұмысқа қабылданған жаңа қызметкерлердің/қызметкерлердің жалпы саны және олардың есепті күндегі тиісті өңір қызметкерлерінің нақты санындағы үлесі (жүктілікке және босануға, бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты және жалақы сақталмайтын демалыстарда жүрген қызметкерлерді ескере отырып) өңірлер бойынша бөліністе келтірілген:
*Үлес тиісті өңірдегі қызметкерлердің тізімдік саны негізінде есептелді.
Қызметкерлердің орташа жасы - 37 жас (2024 жылы - 37 жас, 2023 жылы - 37 жас).
Банктің штаттық және штаттан тыс қызметкерлерінің, агент-консультанттарының қатарында мүмкіндігі шектеулі қызметкерлер бар. Толығырақ ақпарат келесі кестеде келтірілген:
Сондай-ақ Банктің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінде ақылы қызмет көрсету шарттары негізінде штаттан тыс қызметкерлердің жұмыс істейтіні атап өтіледі. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша штаттан тыс қызметкерлердің жалпы саны 363 адамды құрайды (2025 жылы - 70 адам). Штаттан тыс қызметкерлер өз қызметін Банкте қызметкерлердің контрагенттерін/ассистенттерін іріктеу және ақылы қызмет көрсету шарттарын жасасу тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырады.
Төмендегі кестеде жұмыспен қамтылу түрі бойынша қызметкерлердің тізімдік саны туралы ақпарат келтірілген:
Кадрлар тұрақтамауы туралы 2025 жылға арналған ақпарат келесі кестеде ұсынылған:
*Кадрлардың тұрақтамауы, %, есепті жыл ішінде жұмыстан босатылған қызметкерлер санының есепті жылдағы қызметкерлердің тізімдік санына қатынасы ретінде есептеліп, 100%-ға көбейтіледі.
** Қызметкердің бастамасы бойынша жұмыстан босату.
*** Жұмыс берушінің бастамасы бойынша және өзге де жағдайларда жұмыстан босату: тараптардың келісімі, зейнеткерлік жасқа толу, еңбек шарты мерзімінің аяқталуы, кінәлі әрекеттер, басқа жұмысқа ауысу, штатты қысқарту, тараптардың еркінен тыс мән-жайлар.
**** Жас бойынша кадрлардың тұрақтамауы есепті кезеңде тиісті жас тобындағы жұмыстан босатылған қызметкерлер санының осы жас тобындағы қызметкерлердің тізімдік санына қатынасы ретінде айқындалады.
***** Жынысы бойынша кадрлардың тұрақтамауы есепті кезеңде тиісті жыныстағы жұмыстан босатылған қызметкерлер санының тиісті жыныстағы қызметкерлердің тізімдік санына қатынасы ретінде есептеледі.
****** Өңірлер бойынша кадрлардың тұрақтамауы есепті кезеңде өңірде жұмыстан босатылған қызметкерлер санының осы өңірдегі қызметкерлердің тізімдік санына қатынасы ретінде айқындалады.
2024 жылғы кадрлардың тұрақтамауы бойынша ұқсас деректер төменде ұсынылған:
2023 жылғы кадрлардың тұрақтамауы бойынша ұқсас деректер төменде ұсынылған
Еңбек қатынастары негізінен тараптардың келісімі бойынша және қызметкерлердің бастамасы бойынша, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де негіздер бойынша тоқтатылды. Олардың қатарына еңбек шарты мерзімінің аяқталуы, зейнеткерлік жасқа жету, тараптардың еркінен тыс мән-жайлар, басқа жұмыс берушіге ауысу, штаттың қысқаруы және тәртіптік бұзушылықтар жасау жағдайлары жатады.
