Орталық аппараттың құрылымы

 

 

Есепті жылы Отбасы банктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін неғұрлым тиімді іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымына өзгерістер енгізілді. Қазіргі уақытта Банктің Орталық аппаратының құрылымы даму, қаржы және есептілік, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, ақпараттық қауіпсіздік, құқықтық мәселелер және сатып алу, тәуекелдер және ішкі бақылау, ақпараттық технологиялар және цифрлық трансформация, операциялық қызмет, банк өнімдері мен процестері бойынша блоктардан тұрады.