Сыртқа аудит

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банктің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды және оның көрсететін қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

Сыртқы аудитті тарту саясатына және Аудит жөніндегі комитет туралы ережеге сәйкес Банктің Директорлар кеңесі Аудит жөніндегі комитетінің құзыретіне мыналар кіреді:

-                   қаржылық есептіліктің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау және оның көрсететін қызметтеріне ақы төлеу мөлшері туралы мәселені алдын ала мақұлдау;

-                   ішкі және сыртқы аудиторлардың ұсынымдарының орындалуын бақылау;

-                   аудитті жүзеге асыратын сыртқы аудиторды тағайындау және оны ауыстыру, сыртқы аудиторды іріктеу бойынша конкурс өткізу мақсатында әзірленген біліктілік талаптарын және/немесе техникалық ерекшелікті келісу, оның көрсететін қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау, сыртқы аудитор қызметтерінің сапасын бағалау;

-                   сыртқы аудиттің тәуелсіздігі мен объективтілігін бағалау, сондай-ақ аудиторлық ұйымның қорытындысын Директорлар кеңесіне ұсынар алдында алдын ала талдау;

-                   заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша реттеуші органдардың, сыртқы және ішкі аудиторлардың, басшылықтың есептерін қарау;

-                   сыртқы аудитормен тұрақты кездесулер өткізу, сыртқы аудитор дайындаған басшылыққа хаттарды қарау, басшылыққа хатта көрсетілген сыртқы аудитор ұсынымдарының менеджмент тарапынан іске асырылуын қарау;

-                   ішкі және сыртқы аудиттің, қаржы-шаруашылық есептіліктің қызметіне қатысты өзге де мәселелерді қарау;

-                   қажет болған жағдайда Банк басшылығымен, оның сыртқы және ішкі аудиторларымен жеке отырыстар өткізу.

Банктің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ 2024-2026 жылдарға арналған қаржылық есептілік аудиті бойынша орталықтандырылған сатып алу өткізген кезде «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС-мен 2024 жылғы 26 сәуірде 2024-2026 жылдарға арналған қаржылық есептілік аудиті бойынша қызметтерді ұзақ мерзімді сатып алу туралы шарт жасалды. Шарттың қолданылу мерзімі 2027 жылғы 30 сәуірге дейін. 2025 жылға арналған қаржылық есептілік аудитін жүргізу қызметтері үшін сыйақы сомасы 82 000 мың теңгені құрайды.

Банк Банкте сыртқы аудитті ұйымдастыру саясатына сәйкес жоба бойынша серіктесті (аудит үшін негізгі жауапкершілікті көтеретін тұлғаны) ротациялау қағидатын ұстанады, оның мерзімі 7 жылдан аспайды.

Сыртқы аудитордан аудитке жатпайтын қызметтер алынған жағдайда Банк сыртқы аудитордың тәуелсіздігіне әсер ететін мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігі (тәуекелі) тұрғысынан барлық қызметтерді қарайды (сыртқы аудитордың мүдделілігі оның қаржылық есептіліктің дұрыстығы туралы пікіріне ықпал етуі мүмкін жағдай). 2025 жыл ішінде «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС аудиторлық ұйымы қаржылық есептілік аудитімен байланысты емес консультациялық қызметтер көрсеткен жоқ.