Нарықтарда қатысуы

 

Банк елдің барлық өңірлеріндегі барлық қазақстандықтар үшін өз қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Бөлшек клиентке бағдарлануына байланысты Банктің кеңейтілген филиалдық желісі, сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсету орталықтары мен нүктелерінің желісі бар. Банк Қазақстанның барлық өңірлерінде ұсынылған.

Банк бөлімшелердің клиенттер үшін олардың тұратын жері, оқу орны, жұмысы тұрғысынан, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды ескере отырып, барынша ыңғайлы орналасуына ұмтылады.

Филиалдардың физикалық инфрақұрылымын және агенттік желіні дамытумен қатар, Қазақстанда және әлемде қаржылық қызметтердің қазіргі даму жағдайларын ескере отырып, Банк клиенттерге қызмет көрсетудің заманауи әдістерін дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, оның ішінде меншікті сату және клиенттерге қызмет көрсету арналары мен құралдарын дамытуда. Банк интернет-кеңістіктегі қатысуын белсенді түрде кеңейтіп, қарапайым және күнделікті операцияларды онлайн форматқа көшіру үшін интернет пен мобильді құрылғыларды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда Банктің дамыған инфрақұрылымы Қазақстан азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету процесін жеделдетуге көмектеседі.

2025 жылы Банктің филиалдық желісінде мынадай өзгерістер болды:

1. Филиалдардың орналасқан жерінің өзгеруі:

·            Қызылорда филиалы - жаңа мекенжайы: Қазақстан Республикасы, N02B5H4, Қызылорда облысы, Қызылорда қ., Жарқынбаев көшесі, 2;

·            Алматы облыстық филиалы - жаңа мекенжайы: Қазақстан Республикасы, B10E3T2, Алматы облысы, Қонаев қ., Д.А. Қонаев даңғылы, 7/2;

·            Шығыс Қазақстан облыстық филиалы - жаңа мекенжайы: Қазақстан Республикасы, F02B1E4, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Головков көшесі, 25/1.

2. Бөлімшелердің жабылуы:

·            Батыс Қазақстан облыстық филиалының №1 қызмет көрсету орталығы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, L02K4K5, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Мәншүк Мәметова көшесі, 111;

·            Шығыс Қазақстан облыстық филиалының №2 қызмет көрсету орталығы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, F02G3K3, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Михаэлис көшесі, 2-үй;

·            Ақтөбе облыстық филиалының №2 қызмет көрсету орталығы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, D00M6G2, Ақтөбе қ., Сәңкібай батыр даңғылы, 249-үй.

2024 жылғы 03.06 тұрғын үй және құрылыс саласының кейбір мәселелері жөніндегі кеңес хаттамасына (н/ж) сәйкес, қызметті қайта жүктеу және назарды моноқалаларға, аудан орталықтары мен ауылдарға қайта бағдарлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде моноқалалар мен ауылдарда 168 консультациялық орталық ашылды. Ауылдық жерде тұратын азаматтарды «Отау», «Наурыз» жеңілдікті бағдарламаларына қатысуға тартуды күшейту бойынша, оның ішінде БАҚ-та кеңінен жариялау арқылы жұмыс жүргізілді.