- Басты бет
- /
- Қаржылық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту
Қаржылық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту
Банктің ашықтығы (транспаренттілігі) және ақпаратты ашу процестерінің тиімділігі
Банк қаржылық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және клиенттердің, оның ішінде табысы төмен клиенттердің, жастардың, әйелдердің, ауылдық жерлер тұрғындарының және басқа да санаттардың ұсынылатын қызметтер туралы хабардарлығын арттыруға мүдделі және осы бағытта әлеуметтік жауапкершілік атқарады.
2025 жылы Отбасы банк ақпаратты ашу процестерінде транспаренттілік пен тиімділіктің жоғары деңгейін көрсетті. Жыл ішінде 96 пресс-релиз дайындалып, жарияланды. Олар тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің артықшылықтары мен мемлекет сыйлықақысын есептеуден бастап «Наурыз» бағдарламасын және жаңа «Наурыз қызметкер» бағытын іске қосуға, сондай-ақ «AQYL» депозиті арқылы білім алуға жинақтауға, «Келешек» бағдарламасына, «Ұлттық қор - балаларға» бастамасына дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтыды.
Бұл материалдар түсіндіру жұмысының және Банктің бағдарламалары мен қызметтері туралы хабардарлықты арттырудың маңызды құралына айналды. Олар азаматтарға жаңа мүмкіндіктерді қалай дұрыс пайдалану керектігін, бағдарламаларға қатысу үшін қандай құжаттар қажет екенін, шотты қалай жылдам ашуға, қолайлы бағдарламаны қалай таңдауға және өтінім беру мерзімін өткізіп алмауға болатынын түсінуге көмектесті. Осы жарияланымдардың арқасында мыңдаған отбасы тұрғын үйге немесе білім алуға қалай тиімді жинақтауға болатынын, Ұлттық қор қаражатын қалай алуға болатынын және өздері үшін қандай жеңілдікті бағдарламалар қолжетімді екенін білді.
Пресс-релиздер негізінде БАҚ-та 700 тегін жарияланым орналастырылды, ал ақпараттық кеңістіктегі Банк туралы жалпы еске салулар саны 10 000-нан асты. Бұл Банкке деген сенімді нығайтып, халықтың қолжетімді қолдау шаралары туралы хабардарлығын арттырды.
Банк ақпараттық ашықтық, ағартушылық жұмыс, халықпен таргеттелген коммуникация саясатын жүргізеді және клиенттермен кері байланысқа ашық.
Банк жаңа өнімдер мен бағдарламалар туралы мәліметтерді БАҚ, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы белсенді таратып, ақпаратты халықтың кең топтары үшін қолжетімді етеді. Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің, ипотекалық кредиттеудің және қаржылық жоспарлаудың жұмыс қағидаттарын түсіндіретін жарияланымдарға, сұхбаттарға, сараптамалық мақалаларға бастамашылық етеді. Ақпараттық материал әртүрлі аудиторияларды - жастарды, отбасыларды, халықтың әлеуметтік осал топтарын ескере отырып дайындалады, бұл Банктің мүмкіндіктері туралы ақпаратты тиімді жеткізуге көмектеседі.
Сондай-ақ 2025 жылы Отбасы банктің Қоғамдық кеңесінің 4 отырысы өткізілді. Кездесулер барысында кезекте тұрған азаматтардың ең өзекті мәселелері, сондай-ақ Банктің ұлттық даму институты ретіндегі жаңа рөлі жағдайында тұрғын үйді бөлу тәсілдері қаралды. Бұл талқылаулар сарапшылар қауымдастығымен ашық диалог жүргізудің және тұрғын үй саясатының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер әзірлеудің маңызды алаңына айналды.
Клиенттермен кері байланыс үшін байланыс орталығы жұмыс істейді, Банктің сайтында Басқарма төрағасының блогы бар, азаматтарды қабылдау тұрақты негізде жүргізіледі.