• Басты бет
  • /
  • Басқарма және Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы берудің негізгі қағидаттары

Басқарма және Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы берудің негізгі қағидаттары

Басқарма мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу және сыйақы беру саясатының мақсаты орындалатын жұмыстың күрделілігі мен көлеміне, атқаратын лауазымына және Банктің міндеттерін орындауға қосқан жеке үлесіне қарай әділ сыйақы төлеуге негіз болатын адал, тиімді және сапалы еңбекті ынталандыру болып табылады.

Басқарма мүшелеріне жыл қорытындысы бойынша берілетін сыйақы - Басқарма мүшелерінің еңбек тиімділігін ынталандыруға арналған, стратегиялық қызметтің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу нәтижелеріне және Банктің Директорлар кеңесінің шешімі бойынша қызметті бағалау нәтижелеріне қарай төленетін сыйақы.

Басқарма мүшелерінің қызметін бағалау қызметтің негізгі көрсеткіштері (бұдан әрі – ҚНК) негізінде жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша сыйақы төленуі мүмкін. Басқарма мүшелері қызметінің тиімділігін бағалау рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:

1)                ҚНК таңдау, нысаналы мәндерді белгілеу, ҚНК карталарын Жалғыз акционердің уәкілетті алқалы органымен келісу;

2)                 ҚНК карталарын бекіту;

3)                 нақты нәтижелілікті есептеу және оны Жалғыз акционердің уәкілетті алқалы органымен және Ішкі аудит департаментімен келісу;

4)                 Комитеттің ұсынымдары негізінде есепті жылдағы қызмет нәтижелері бойынша сыйақы төлеу/төлемеу туралы Банктің Директорлар кеңесінің шешім қабылдауы.

Банктің Директорлар кеңесінің мүшелеріне - Жалғыз акционердің өкілдеріне - «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ өкілдеріне сыйақылар мен сыйлықақылар төленбейді. Банктің Директорлар кеңесінің мүшелері - тәуелсіз директорларға сыйақылар Банктің Директорлар кеңесі туралы ережеге сәйкес белгіленеді.

Сыйақы мөлшерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында және Банктің Жарғысында көзделген тәртіппен, тәуелсіз директордың тәжірибесі мен біліктілігі ескеріле отырып айқындалады.

2025 жылы Директорлар кеңесінің мүшелері - тәуелсіз директорларға төленген сыйақылар мөлшері және Банк Басқармасының мүшелеріне төленген сыйақы мен сыйлықақылар мөлшері 471,7 млн теңгені құрады.

Корпоративтік басқару кодексін сақтау

Банкте Корпоративтік басқару кодексі қолданылады. Кодекстің мақсаттары корпоративтік басқаруды жетілдіру, басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету, тиісті корпоративтік басқару стандарттарына бейілділікті растау болып табылады.

Банктің Директорлар кеңесі бекіткен Банктің Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін сақтау/сақтамау туралы есеп осы жылдық есепке қосымша қосымша ретінде қоса беріледі.

Банктің Директорлар кеңесі Банктің жылдық есебі тұтастай алғанда объективті, теңгерімді және түсінікті сипаттама береді және акционерлерге Банктің қызмет көрсеткіштерін бағалау үшін қажетті ақпаратты ұсынады деп мәлімдейді.