• Басты бет
  • /
  • Бағалы қағаздар туралы мәліметтер

Бағалы қағаздар туралы мәліметтер

 

 Акционерлік капитал

Банк Жалғыз акционер үшін дивидендтерді төлеу шарттары мен тәртібіне, Банктің қаржылық жағдайына және өзге де ақпаратқа қатысты барлық қажетті ақпаратты ашады. Дивидендтерді төлеу үшін Банк Жалғыз акционер бекіткен Холдингтің еншілес ұйымдары төлейтін дивидендтердің мөлшерін айқындау тәртібін басшылыққа алады.

Дивидендтер мөлшерін есептеу Банктің жылдық аудиттелген қаржылық есептілігінде көрсетілген таза кіріс сомасы негізінде жүргізіледі. Дивидендтер мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып айқындалады.

Дивидендтер мөлшерін Жалғыз акционер тиісті кезеңдер үшін пайданы бөлу тәртібін бекіту туралы мәселені қараған кезде ерекше тәртіппен айқындауы мүмкін.

Акциялардың номиналдық құны 1 жай акция үшін 10,000.00 теңгені құрайды.

2025 жылғы 21 мамырда Банктің Жалғыз акционері 2024 жыл үшін Банктің таза пайдасын бөлу және жалпы сомасы 100,004,603 мың теңге дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады (2025 жылғы 30 желтоқсандағы өзгерістермен), бір жай акцияға дивидендтер мөлшері 12 771,98 теңгені құрады. «Жилищный строительный сберегательный банк» «Отбасы банк» акционерлік қоғамына дивидендтерді ақшалай нысанда 100 004 603 400,00 (бір жүз миллиард төрт миллион алты жүз үш мың төрт жүз) теңге 00 тиын мөлшерінде «Жилищный строительный сберегательный банк» «Отбасы банк» акционерлік қоғамының акцияларын ұстаушылар тізілімінің жүйесінде көрсетілген Жалғыз акционердің банк шотына үш траншпен қолма-қол ақшасыз аудару: 1) 2025 жылғы 2 маусымға дейінгі мерзімде 42 277 615 200,00 (қырық екі миллиард екі жүз жетпіс жеті миллион алты жүз он бес мың екі жүз) теңге 00 тиын сомасы; 2) 2025 жылғы 2 шілдеге дейінгі мерзімде 42 277 615 200,00 (қырық екі миллиард екі жүз жетпіс жеті миллион алты жүз он бес мың екі жүз) теңге 00 тиын сомасы; 3) 15 449 373 000,00 (он бес миллиард төрт жүз қырық тоғыз миллион үш жүз жетпіс үш мың) теңге 00 тиын сомасы 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде.

Бас компанияның шешімі негізінде Банктің жарияланған акцияларын шығару проспектісіне Банктің жарияланған акцияларының санын 4,990 мың данаға ұлғайтып, жалпы санын 12,820 мың данаға дейін жеткізу бөлігінде өзгерістер енгізілді. Жарияланған акциялар шығарылымының проспектісіне енгізілген өзгерістер 2023 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде тіркелді. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жарияланған акциялар орналастырылған жоқ.