- Басты бет
- /
- Банк туралы
Банк туралы
Отбасы банк 2003 жылы тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыруды жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, сондай-ақ халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту мақсатында құрылды.

Банктің құрылтайшысы Банктің мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығына ие Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. 2013 жылғы тамыздан бастап Банктің Жалғыз акционері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) болып табылады. Банк Холдингтің компаниялар тобына кіреді, өзінің еншілес ұйымдары жоқ, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестері жоқ.
Банк акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және мынадай атауларға ие:
толық атауы:
- мемлекеттік тілде: «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы;
- орыс тілінде: акционерное общество «Жилищный строительный сберегательный банк «Отбасы банк»;
- ағылшын тілінде: joint stock company «Otbasy bank» house construction savings bank.
қысқартылған атауы:
- мемлекеттік тілде: «Отбасы банк» АҚ;
- орыс тілінде: АО «Отбасы банк»;
- ағылшын тілінде: JSC «Otbasy bank».
Банктің атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05K8B9, Астана қаласы, Нұра ауданы, Қорғалжын тасжолы, 2А ғимарат.
Банк Басқармасының төрағасы Ибрагимова Ләззат Еркенқызы болып табылады.
Рейтингтер
