- Басты бет
- /
- Сатып алулар
Сатып алулар
Банк тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізілетін сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады. Баға ұсыныстарын сұрату және ашық тендер тәсілдерімен сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу процестерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер белсенді түрде қолданылады.
Сатып алуды жүзеге асыру мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) жеткізушілердің коммерциялық құпияға құқықтары және (немесе) заңды мүдделері сақтала отырып, сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы (тендер қорытындысы шығарылғанға дейін);
3) әлеуетті жеткізушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу;
4) сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;
5) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
6) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің отандық жеткізушілеріне қолдау көрсету;
7) инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
8) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жеткізушілерге сатып алу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
9) сатып алынатын тауарларда қамтылған зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау.
Банк мемлекеттік қатысуы бар көптеген кәсіпорындардан тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Мұндай сатып алулар жеке алғанда елеусіз сомаларды құрайды және әдетте коммерциялық негізде жүзеге асырылады. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің әлеуетті жеткізушілері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іріктеу өлшемшарттары қолданылады.
Сатып алу қызметінің негізгі көрсеткіштері төмендегі кестеде ұсынылған:

Сатып алулар бойынша қосымша егжей-тегжейлі ақпарат, оның ішінде тауарлар, қызметтер және жұмыстар бойынша құрылым, сондай-ақ жергілікті қамту көрсеткіштері Банктің hcsbk.kz ресми сайтында «Тұрақты даму / ESG есептілігі» бөлімінде орналастырылған ESG Databook-та ұсынылған.