- Басты бет
- /
- Ішкі аудит
Ішкі аудит
Банктің ішкі аудит департаментінің қызметі Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors) ұсынған Ішкі аудиттің кәсіби тәжірибесінің халықаралық негіздеріне сүйене отырып құрылған және адалдық пен кәсіби батылдық, объективтілік, құзыреттілік, кәсіби сақтық және құпиялылық қағидаттары мен стандарттарын сақтай отырып жүргізіледі.
ІАД мақсаты Директорлар кеңесі мен Атқарушы органға тәуекелдерді бағалауға негізделген тәуелсіз, объективті растаулар, пікірлер, ұсынымдар мен болжамдар ұсына отырып, Банктің құнды құру, қорғау және қолдау қабілетін нығайту болып табылады.
Ішкі аудит департаменті тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады және функционалдық тұрғыдан Директорлар кеңесіне, әкімшілік тұрғыдан Банк Басқармасына есеп береді. Ішкі аудит департаментінің қызметіне жетекшілікті Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті жүзеге асырады. Ішкі аудит департаментінің басшысы мен қызметкерлерін Директорлар кеңесі тағайындайды.
2025 жылы Ішкі аудит департаментінің штаттық саны 11 адамды құрады. Ішкі аудит департаментінің басшысында CIA (Certified Internal Auditor) ішкі аудиттің халықаралық сертификаты бар. Ішкі аудиторлар тұрақты негізде үздіксіз кәсіби дамуды жүзеге асырады және ішкі аудит саласындағы кәсіби сертификаттар мен дипломдарға (CIA, DipPIA және DiPCPIA) ие. Ішкі аудит департаментінің басшысы Қазақстан ішкі аудиторлар институтының «2025 жылдың үздік ішкі аудит басшысы» номинациясының жеңімпазы болып табылады.
ІАД-ның негізгі міндеті ішкі аудитті жүзеге асыру болып табылады - бұл Банктің жұмысын жетілдіруге және Банктің қойылған мақсаттарға қол жеткізуіне жәрдемдесуге бағытталған, ішкі бақылаудың, тәуекелдерді басқарудың және корпоративтік басқарудың тиімділігін бағалау мен арттыруға жүйелі, дәйекті тәсілді қолдану арқылы сенімділікті қамтамасыз ету және консультация беру жөніндегі тәуелсіз әрі объективті қызмет.
2025 жылға жоспарланған барлық аудиторлық тапсырмалар толық көлемде орындалды. Аудиторлық тексерулер нәтижелері бойынша анықталған мәні зор проблемалар мынадай негізгі тәуекелдердің іске асуына әкеп соққан адами фактормен байланысты: Банктің ішкі құжаттарының, процестерінің және/немесе рәсімдерінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің (бұдан әрі - НҚА) талаптарына толық сәйкес келмеуі, ақпараттық жүйелерге деректерді дұрыс және/немесе уақтылы енгізбеу, Банктің ішкі құжаттары талаптарының толық сақталмауы.
Осы тәуекелдер мен проблемаларды барынша азайту бойынша Банк қабылдаған негізгі шаралар бизнес-процестерді автоматтандыру және Банктің ақпараттық жүйелерінде техникалық пысықтаулар жүргізу, Банктің ішкі құжаттарын НҚА талаптарына сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізу, Банк қызметкерлерімен нұсқамалар мен оқыту өткізу, сондай-ақ бұзушылықтарға жол берген Банк қызметкерлеріне тәртіптік жаза шараларын қолдану болды.
2025 жылы Банктің ақпараттық технологиялары мен ақпараттық қауіпсіздігіне НҚА талаптарына, CobIT 2019 әдіснамасына және ISO:27001 стандартына сәйкестігі тұрғысынан сыртқы кешенді тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша Банктің бақылау IT-рәсімдерінің тиімділік деңгейі COBIT 2019 халықаралық әдіснамасының негізгі критерийлері бойынша жеткілікті жоғары деңгейде болып, 95%-ды құрады («адекватты» рейтингіне сәйкес келеді).
Жылдық тәуекелге бағдарланған аудиторлық жоспарларды Директорлар кеңесі қарайды және бекітеді.
Өз функцияларын жүзеге асыру кезінде Ішкі аудит департаменті Директорлар кеңесіне өзінің тәуелсіздігін растады.