Жалғыз акционер

 

«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Банктің мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы 100% тиесілі Жалғыз акционері болып табылады. 2013 жылдан бастап Банктің 7 830 000 акциясы «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ меншігінде.

«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ миссиясы: қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарына негізделе отырып, бәсекеге қабілетті бизнесті дамыту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту.

«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның негізгі міндеттерінің бірі халықтың әл-ауқатын жақсарту болып табылады, бұл міндет «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ қызметінің «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету» стратегиялық бағыты шеңберінде шешіледі. «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның тұрғын үй қолжетімділігін арттыру жөніндегі қызметі еншілес ұйымы, Отбасы банк арқылы іске асырылады.