- Басты бет
- /
- Гендерлік саясат
Гендерлік саясат
Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мен экономикалық дамуды жеделдету арасындағы байланыс Еуропалық инвестициялық банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі және Азия даму банкі сияқты жетекші халықаралық қаржы институттары тарапынан кеңінен мойындалған. Осы тәсілді қолдай отырып, Банк әйелдер мен ерлер өз әлеуетін іске асыру үшін тең мүмкіндіктерге ие болатын қоғамды қалыптастыруға күш-жігері мен ресурстарын бағыттайды.
Банк стратегиялық жоспарлау, ішкі құжаттарды, жобалар мен зерттеулерді әзірлеу және іске асыру процестеріне гендерлік-сезімтал тәсілді интеграциялайды. Осы саясат шеңберінде Банк:
- қызметтің барлық салаларында әйелдер мен ерлер арасындағы теңдікті ілгерілетуге;
- гендерлік бөліністе сапалы деректерді жинауды және талдауды қамтамасыз етуге;
- әйелдер мен ерлерге тең және әділ қарым-қатынас жасауға ықпал ететін әлеуметтік, физикалық және психологиялық ортаны қалыптастыруға міндеттенеді.
Банк әйелдер көшбасшылығын дамытуға және әйелдер бастамаларын қолдауға жәрдемдеседі.
Банк 2010 жылы БҰҰ-Әйелдер құрылымы БҰҰ Жаһандық шартымен бірлесіп әзірлеген Women’s Empowerment Principles (WEPs) - әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттары жаһандық бастамасына қосылды. Құжат бизнес пен корпоративтік сектор үшін тәжірибелік нұсқаулық болып табылады және гендерлік теңдікті үш негізгі бағытта ілгерілету бойынша ұсынымдарды қамтиды:
- компания ішінде (жұмыс ортасы);
- клиенттермен және нарықпен жұмыс істеуде;
- әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы қоғамдастықта.
WEPs-ке қол қою Банктің гендерлік теңдікті белсенді ілгерілетуге және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге жария түрде бейілділігін растайды.
Банк Басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова кәсіби қызметі барысында Қазақстанда гендерлік теңдік қағидаттарын жүйелі түрде ілгерілетіп келеді.
Оның басшылығымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) қаражаты есебінен әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға арналған Орталық Азиядағы алғашқы кредиттік желіні іске қосты. 2016 жылы ЕҚДБ басшысы Сума Чакрабарти Ләззат Ибрагимоваға гендерлік теңдікті ілгерілетуге қосқан үлесі үшін награда табыстады.
2023 жылы Отбасы банк гендерлік теңдікті белсенді ілгерілеткені үшін «Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы» (ОАӨЭЫ) бағдарламасының наградасын алған Қазақстандағы жалғыз өкіл болды.
Банкте Азия даму банкімен ынтымақтастық аясында «Ұмай» әйелдер ипотекалық бағдарламасы іске асырылып келеді. Бағдарлама әйелдердің тұрғын үй қаржыландыруына қолжетімділігін кеңейтуге және олардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Банк жинақталған тәжірибені және тұрақты даму мен гендерлік теңдік саласындағы стратегиялық басымдықтарды ескере отырып, бағдарламаны одан әрі іске асыруды және дамытуды жоспарлап отыр.