• Басты бет
  • /
  • Қызметкерлер мен басшылықтың өзара қарым-қатынасы

Қызметкерлер мен басшылықтың өзара қарым-қатынасы

 

 

Банкте қызметкерлер мен басшылықтың өзара қарым-қатынасы шеңберінде тұрақты түрде мыналар өткізіледі:

1)                 операциялық қызмет мәселелері бойынша басшы қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен апта сайынғы жоспарлы кеңестер;

2)                 есепті кезеңдегі бекітілген мақсаттар карталарына қол жеткізу мәселелері бойынша Басқарма төрағасының құрылымдық бөлімшелер басшыларымен тоқсан сайынғы кездесулері;

3)                 Банк қызметкерлері мен басшылығы арасындағы тұрақты еркін және тиімді жұмыс өзара іс-қимылы.

Сондай-ақ Банкте Банк басшылығының қатысуымен бірлескен командалық корпоративтік іс-шаралар, тренингтер және спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Банктегі жұмыс уақытын реттеу бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық 40 сағат нормасы кезінде 8 сағаттан аспауға тиіс деген қағидатқа негізделеді. Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты белгіленген жұмыс аптасының ұзақтығы сақтала отырып, Банктегі еңбек қатынастары және ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен, еңбек шарттарымен және ұжымдық шартпен айқындалады.

Ұжымдық шарттың қолданысы жұмыс берушіге және атынан ұжымдық шарт жасалған Банк қызметкерлеріне, сондай-ақ жазбаша өтініш негізінде оған қосылған қызметкерлерге қолданылады. Банкте қызметкерлердің жалпы санының 100%-ы ұжымдық шарттармен қамтылған.

Банк Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормалары мен талаптарын қатаң сақтайды. Банктің қызметіне қатысты ірі өзгерістер болған кезде қызметкерлер белгіленген тәртіппен хабардар етіледі (күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей).