• Басты бет
  • /
  • Басқарманың және Басқармаға есеп беретін комитеттердің қызмет нәтижелері

Басқарманың және Басқармаға есеп беретін комитеттердің қызмет нәтижелері

Банктің атқарушы органы Банктің Директорлар кеңесі бекіткен Басқарма туралы ереже негізінде әрекет ететін Басқарма болып табылады. Банктің Басқармасы Банктің ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады.

Банктің Басқармасы Банктің атынан әрекет етеді, оның ішінде оның мүдделерін білдіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Банктің Жарғысында белгіленген тәртіппен мәмілелер жасайды, штат кестесін, оның ішінде Орталық аппараттың, филиалдардың штат кестесін бекітеді, Банктің барлық қызметкерлері орындауға міндетті шешімдер шығарады және нұсқаулар береді.

Есепті кезеңде Банктің Басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және Банктің Жарғысымен Жалғыз акционердің, Банктің Директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылмаған Банк қызметінің барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдауды жүзеге асырды.

2025 жылы Банктің Басқармасы 187 отырыс өткізді (2024 жылы - 162 отырыс

Банк Басқармасы жанындағы комитеттердің жұмысы төмендегі кестеде көрсетілген.

Басқарма мүшелерінің ҚНК-ға қол жеткізуі

Банк Басқармасы қызметінің нәтижелілігі Банктің Директорлар кеңесі бекіткен 2025 жылға арналған ҚНК негізінде бағаланады. Есепті кезеңде Банк Басқармасының қызметі тұтастай алғанда оң сипатталады. 2025 жылға арналған корпоративтік қызметтің негізгі көрсеткіштерінің (ҚНК) және Басқарма мүшелерінің жеке ҚНК-ның жоспарланған деңгейіне қол жеткізілді. 2025 жылға арналған қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындау мынаны құрайды:

1)                 Басқарма төрағасы Ибрагимова Л.Е. - 120%;

2)                 Басқарма төрағасының орынбасары Айдарбекова А.К. - 122%;

3)                 Басқарма төрағасының орынбасары Акшанов Н.С. - 122%;

4)                 Басқарма төрағасының орынбасары Азимбеков М.М. - 118%;

5)                 Басқарма төрағасының орынбасары Талтусов Р.А. - 122%;

6)                 Басқарма төрағасының орынбасары Распекова Э.С. - 122%;

7)                 Басқарма төрағасының орынбасары Матай Ж.О. - 122%.

 

Ірі мәмілелер және мүдделілік бар мәмілелер

2025 жылдың қорытындысы бойынша Банк ірі мәмілелерді (активтердің 25%-ы және одан көп мөлшерінде), сондай-ақ Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелерді жүзеге асырған жоқ.