• Басты бет
  • /
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Банкте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылады. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде, Қазақстан Республикасы заңнамасының және Банктің ішкі құжаттарының талаптарына қатаң сәйкес атқарылады.

Банкте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында іс-шаралар кешені жүргізіледі, олардың түпкілікті нәтижесі сыбайлас жемқорлық қызметін болдырмау болып табылады. 2025 жылы клиенттердің, риелторлардың, жеке сот орындаушыларының және нотариустардың мүдделерін лоббилеу, тұрғын үй кезегін ілгерілету үшін заңсыз сыйақы алған Банк қызметкерлері жасаған бірқатар сыбайлас жемқорлық көріністері анықталды. Сондай-ақ филиалдардың бірінің қызметкері клиенттердің кредит қабілеттілігін растайтын кірістер туралы жалған құжаттарды дайындау және оларды кредиттік өтінімдерге қоса тіркеу фактілері анықталды. Аталған қызметкерлермен еңбек шарттары сенімнен айырылуына байланысты жұмыс берушінің бастамасы бойынша тоқтатылды. Анықталған фактілер бойынша осы Банк қызметкерлерін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арыздар жолданды, олар бойынша құқық қорғау органдары бірқатар қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруда.

Банкте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты мен қағидалары әзірленіп, бекітілді. Жекелеген рәсімдер мен бақылау тетіктері Банктің ішкі құжаттарына, оның ішінде персоналды басқару мәселелері бойынша құжаттарға енгізілді.

Банк алынған білімді міндетті түрде тестілеумен Банк қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі оқытуды тұрақты түрде өткізеді.

2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша алынған білімді тестілеумен оқытудан Орталық аппараттың және Банктің 20 филиалының 1 183 консультанты, Орталық аппарат пен Банк филиалдарының 1 506 қызметкері өтті.

Комплаенс-бақылау басқармасы Банкте сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын бөлімше болып табылады, Банктің құрылымдық бөлімшелерінің қандай да бір қызметінен тәуелсіз және Бас комплаенс-бақылаушы арқылы Банктің Директорлар кеңесіне есеп береді.

Банктің барлық қызметкерлері, атқаратын лауазымына қарамастан, Банктегі өздеріне белгілі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өздерінің тікелей басшыларына не қауіпсіздік бөлімшесіне немесе Жедел желі арқылы құпия түрде хабарлау міндеті туралы ескертілген. Осы орайда Банктің әрбір қызметкері Банк қызметкерлерінің кез келгенінің сыбайлас жемқорлық қызметіне тартылу фактілерін жасыру үшін дербес жауапты болады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу үшін Банкте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіледі.

Банкте Жедел желі жұмыс істейді, ол Банк қызметкерлері мен консультанттары тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтар туралы ақпаратты құпия түрде алу құралы болып табылады. Ағымдағы жылы келіп түскен өтініштерді талдау олардың барлығы анықтамалық-консультациялық сипатта болғанын және Банк қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатыстылығын көрсететін мәліметтерді қамтымағанын көрсетті.

Банк тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін Банк басшыларының бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауаптылыққа тартылу фактілерінің болуы/болмауы туралы хабардар етеді.

2025 жылы Банкте тақырыптық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Жүргізілген мониторинг нәтижелері есеп түрінде Банк Басқармасының төрағасына жеткізілді және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жолданды.

Сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ Бірінші тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының Біріңғай республикалық электрондық кезекте тұрғандар базасын және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасын қалыптастыру, жүргізу, өзектендіру, әкімшілендіру, түгендеу, техникалық және әдіснамалық сүйемелдеу мәселелері бойынша қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалды.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама және іс-шаралар жоспары Банктің интернет-ресурсында орналастырылды.

Есепті жыл ішінде Банк қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау фактілері анықталған жоқ.

Бағынысты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған басшыларға қатысты тәртіптік жазалар фактілері 2025 жылы болған жоқ.