Банк қызметкерлерін уәждеу

 

2025 жылы Банк персоналмен жұмыс істеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылатын және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес нормалар мен кепілдіктердің сақталуын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес уәждеу жүйесінің тиімділігін, ашықтығын және теңгерімділігін арттыру саласындағы жұмысты жалғастырды. Жоғары білікті мамандарды тарту, персоналдың тартылуы мен қанағаттанушылығын арттыру, кадрлар тұрақтамауын төмендету және HR-брендті дамыту мақсатында Банк тұрақты негізде еңбек нарығы мен жалақы деңгейіне зерттеулер жүргізеді.

Банк қызметкерлеріне сыйлықақы берудің бекітілген жүйесі әрбір қызметкердің қызмет нәтижелерінің тиімділігін және оның Банк қызметінің нәтижесіне қосқан жеке үлесін ескереді. Персоналды ынталандыру жүйесі жоғары өндірістік нәтижелерге қол жеткізуге және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған. Еңбек нәтижелері бойынша сыйлықақылардан басқа, Банк қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне сыйлықақы төленеді.

Банкте сондай-ақ қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелерді моральдық көтермелеу жүйесі қолданылады, ол қызметкердің жеке еңбегін алғыс жариялау, құрмет грамотасымен марапаттау, Банктің Құрмет кітабына енгізу түрінде тануды, сондай-ақ мемлекеттік наградалар мен атақтарға ұсынуды қамтиды. Қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелерді моральдық көтермелеу қағидаларына сәйкес жыл сайын Банк филиалдары мен Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің үздік қызметкерлері айқындалады.

Моральдық көтермелеу қағидаларына сәйкес жыл сайын Банк филиалдары мен Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің үздік қызметкерлері айқындалады. 2025 жылы Банк қызметкерлері Банктің көтермелеулеріне де, мемлекеттік және ведомстволық наградаларға да ие болды. Жыл қорытындысы бойынша:

-                   «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасының құрмет грамотасымен 14 қызметкер марапатталды;

-                   Басқарма төрағасының алғыс хаттары 60 қызметкерге табысталды.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалар қатарында:

-                   Республика күніне орай 3 қызметкерге «Еңбек ардагері» атағы берілді;

-                   Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғыс хатымен 3 қызметкер марапатталды;

-                   Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының алғыс хатымен 2 қызметкер атап өтілді;

-                   Қаржыгерлер күніне орай 1 қызметкер «Құрмет» орденімен және 1 қызметкер «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Материалдық емес көтермелеу жүйесі персоналдың уәждемесін арттыруға, маңызды кәсіби жетістіктерді тануға және қызметкерлердің жоғары тартылуын қалыптастыруға ықпал етеді.