Директорлар кеңесінің құрамы

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Банктің Директорлар кеңесі 5 мүшеден құралған, олардың 3-еуі тәуелсіз директорлар болып табылады. Банктің Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі: 3 жыл.

Шайхы Жандос Алкенович – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы (02.05.2025 ж. бастап)

 1982 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі:

2004 жыл - «КИМЭП Университеті» КЕАҚ, Алматы

Іскерлік әкімшілендіру және бухгалтерлік есеп бакалавры

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

2024 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2013-2024 - «Ситибанк Қазақстан» АҚ директоры, филиал басшысы.

Банк және қаржы салаларындағы түрлі лауазымдарда 23 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

 Директорлар кеңесі комитеттеріндегі мүшелігі:

Аудит жөніндегі комитеттің, Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің, Тәуекелдер және ішкі бақылау жөніндегі комитеттің, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму жөніндегі комитеттің мүшесі.

Басқа атқаратын лауазымдары: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Ибрагимова Ләззат Еркенқызы – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі - Басқарма төрағасы (11.02.2025 ж. бастап)

 1972 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы.

Білімі:

Ақмола ауыл шаруашылығы институты. Мамандығы: Агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы экономика және басқару.

Еуразия гуманитарлық институты. Мамандығы: Құқықтану.

«Назарбаев Университеті» ДБҰ Жоғары бизнес мектебі. Мамандығы: Executive MBA.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы.

2016 жылдан 2017 жылға дейін - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

Түрлі лауазымдарда, оның ішінде қаржы саласында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Басқа атқаратын лауазымдары: «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы.

Тұрақты даму және ESG мәселелері бойынша оқудан өту туралы мәліметтер:

2024 жыл - «Топ-менеджментке арналған ESG».

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Токобаев Нұрлан Турсынбекұлы - «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры (11.02.2025 ж. бастап)

 1974 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі:

Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, мамандығы: «Қаржы және кредит», біліктілігі «Экономист».

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

2024 жылғы 2 тамыздан 2025 жылғы 27 тамызға дейін - «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма төрағасы, Өзбекстан.

2021 жылдан 2024 жылға дейін - АХҚО-дағы Privat Equity Fund басқарушысы.

2017 жылдан 2021 жылға дейін - «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры. 2017 жылдан 2021 жылға дейін - «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры.

2017 жылдан 2020 жылға дейін - «Оптима Банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры.

Қаржы және банк салаларында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Директорлар кеңесі комитеттеріндегі мүшелігі:

Тәуекелдер және ішкі бақылау жөніндегі комитеттің төрағасы, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму жөніндегі комитеттің төрағасы, Аудит жөніндегі комитеттің мүшесі, Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің мүшесі, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму жөніндегі комитеттің мүшесі.

Тұрақты даму және ESG мәселелері бойынша оқудан өту туралы мәліметтер:

2024 жыл - «ESG: жаңа халықаралық талаптарды сақтау. Корпоративтік басқару, тәуекелдер және комплаенс».

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Жамалов Санжар Еркебайұлы - «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры (11.02.2025 ж. бастап)

 1985 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі:

Charles University, мамандығы: қаржылық математика бакалавры (Чехия);

Newcastle University, мамандығы: халықаралық қаржылық талдау магистрі (Ұлыбритания);

University of Cambridge, мамандығы: Executive MBA (Ұлыбритания).

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

2024 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Mastercard компаниясының Қазақстандағы және Орталық Азиядағы бас директоры.

2018 жылдан 2024 жылға дейін - Қазақстан Республикасындағы ING Bank N.V. өкілдігінің басшысы.

Қаржы және банк секторларында 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Директорлар кеңесі комитеттеріндегі мүшелігі:

Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму жөніндегі комитеттің мүшесі, Тәуекелдер және ішкі бақылау жөніндегі комитеттің мүшесі.

Басқа атқаратын лауазымдары:

Mastercard компаниясының Қазақстандағы және Орталық Азиядағы бас директоры, «KCELL» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры, «Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры.

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Ермекова Эльмира Мүслімқызы – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры (11.02.2025 ж. бастап)

 1963 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы.

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Мамандығы: Экономист. Саяси экономия оқытушысы.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

2019 жылдан 2021 жылға дейін - «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оқу орталығы» АҚ Басқарма төрағасы.

Қаржы және банк салаларында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Директорлар кеңесі комитеттеріндегі мүшелігі:

Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің төрағасы, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму жөніндегі комитеттің мүшесі, Тәуекелдер және ішкі бақылау жөніндегі комитеттің мүшесі.

Басқа атқаратын лауазымдары: жоқ.

Тұрақты даму және ESG мәселелері бойынша оқудан өту туралы мәліметтер:

2024 жыл - «ESG: жаңа халықаралық реттеушілік талаптарды сақтау. Корпоративтік басқару, тәуекелдер және комплаенс».