- Басты бет
- /
- Директорлар кеңесін бағалау
Директорлар кеңесін бағалау
Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің қызметін бағалау жыл сайынғы негізде жүргізіледі. Кемінде үш жылда бір рет мұндай бағалау тәуелсіз кәсіби ұйымды тарта отырып өткізіледі.
Директорлар кеңесі бағалауды:
- Қазақстан Республикасының заңнамасы не ішкі құжаттар талаптарына сәйкес өз күшімен;
- тәуелсіз консультанттарды, кәсіби қауымдастықтарды және корпоративтік басқару рейтингтерін беретін ұйымдарды тарта отырып;
- өзге де тәсілдермен жүргізе алады.
2025 жылы Директорлар кеңесінің, Комитеттердің және Директорлар кеңесі мүшелерінің жұмысын бағалау өз күшімен жүргізілді. Бағалау нәтижелері 2025 жылғы мамырда Директорлар кеңесінің жабық отырысында бекітілді.
Директорлар кеңесінің жұмысын бағалау қорытындысы бойынша мыналар атап өтіледі:
- Банктің Директорлар кеңесі жеткілікті көңіл бөледі және шешімдер қабылдау кезінде қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және Банктің әрі оның Жалғыз акционерінің мүдделерін қорғауға бағдарланады;
- Директорлар кеңесінде Банктің қаржы-шаруашылық қызметіне тиісті бақылау жүргізу үшін барлық қажетті құралдар бар;
- Директорлар кеңесі стратегиялық міндеттердің орындалу барысына тұрақты мониторинг және бағалау жүргізеді, алайда Банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамы Банктің қажеттіліктеріне сәйкес келмейді;
- Директорлар кеңесі мен атқарушы орган Банктің қызметіне маңызды ықпал етуі мүмкін негізгі тәуекелдерге тиісті деңгейде көңіл бөледі;
- Директорлар кеңесінде болашақ мақсаттарға, стратегияға, саясатқа, ірі инвестициялық жобаларға қатысты маңызды шешімдерді салмақты қабылдау үшін жеткілікті уақыт пен ақпарат бар;
- Директорлар кеңесінің төрағасы Директорлар кеңесіне тиімді басшылық етеді;
- Директорлар кеңесінің төрағасы Банктің стратегиясын әзірлеу және бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді тиісті деңгейде орындайды;
- Банктің Директорлар кеңесінде мына дағдылар мен біліктіліктер көбірек ұсынылуы тиіс: талдамалық қабілеттер, Қазақстан заңнамасын білу;
- Директорлар кеңесінің отырыстары әрдайым Банктің Директорлар кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес өткізіле бермейді;
- Директорлар кеңесінің отырыстары барысында баяндамалар салмақты шешімдер қабылдау үшін әрдайым жеткілікті түрде нақты ақпарат бере бермейді;
- Директорлар кеңесінің отырыстарында әрбір мәселені талқылауға жеткілікті уақыт бөлінеді;
- Директорлар кеңесінің мүшелері өздерінің бақылау функцияларын тиімді орындау үшін Банктің қызметі мен оның ерекшелігін зерделеуге жеткілікті уақыт бөледі.
Директорлар кеңесі комитеттерінің жұмысын бағалау қорытындысы бойынша Директорлар кеңесінің мүшелері Комитеттердің кәсіби құрамы мен жұмысын да жоғары бағалады.
Кәсіби даму
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының 2024 жылғы 7 тамыздағы шешімімен Банктің Корпоративтік басқару кодексіне оны «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес келтіру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.