- Басты бет
- /
- Көрсеткіштер және нысаналы мәндер
Көрсеткіштер және нысаналы мәндер
Отбасы банк климаттық метрикалар мен мақсаттарды тұрақтылықты және тәуекелдерді басқару жүйесіне енгізеді, бұл климаттық факторлардың ипотекалық портфельге, операциялық қызметке және стратегиялық басымдықтарға әсерін жан-жақты мониторингтеуді қамтамасыз етеді. Бұл бастамалар халықаралық стандарттарға (IFRS S2, GRI, PCAF) және Қазақстан Республикасындағы декарбонизацияның стратегиялық бағыттарына сәйкес келеді.
2023 жылдан бастап Банк ұлттық әдістемелік ұсынымдарға сәйкес 1-қамту саласы және 2-қамту саласы санаттары бойынша парниктік газдар шығарындыларын есептеуді жүзеге асырады. 2024 жылдан бастап Банк 3-қамту саласы бойынша, оның ішінде ипотекалық кредиттеумен байланысты қаржыландырылатын шығарындылар бойынша парниктік газдар шығарындыларын есептеуді жүзеге асыра бастады. Есептеу әдіснамасы PCAF халықаралық қағидаттары негізінде құрылады және ғимараттардың сипаттамаларын, конструкция түрін, географиясын және бағаланған энергия тұтынуын ескереді.
2025 жылға арналған парниктік газдар шығарындылары бойынша жиынтық ақпарат төмендегі кестеде көрсетілген:

«Жасыл» және «әлеуметтік» қаржыландыру үлесі:
Банк «жасыл» ипотеканы белсенді ілгерілетеді. 2025 жылы Банк Банктің меншікті қаражаты есебінен 14,73 млрд теңгені табысты игерді. Нәтижесінде 2025 жылы осы бағдарлама шеңберінде Банк 570 клиентке 14,73 млрд теңге сомасына ипотекалық кредиттер берді. «Жасыл» ипотека іске асырылған сәттен бастап барлығы 46,14 млрд теңге сомасына 1 825 қарыз берілді. 2026 жылғы 01.01 жағдай бойынша «жасыл» ипотека портфелі 43,2 млрд теңгені құрады, ал «жасыл» ипотеканың Банктің бүкіл кредиттік портфеліндегі үлесі 1,07%-ды құрады.
Жалпы портфельдегі «әлеуметтік» ипотекалардың үлесі 43%-ды немесе 1 758 млрд теңгені құрайды.
Стратегиялық бағдарлар ретінде мынадай климаттық мақсаттар айқындалды:
- Банк қызметінен болатын парниктік газдар шығарындыларын қысқарту (1, 2, 3-қамту салалары[2]) - 2030 жылға қарай 2024 жылғы базалық деңгейден минус 7%, 2033 жылға қарай 2024 жылғы базалық деңгейден минус 10%;
- «Жасыл» ипотека көлемі - 2030 жылға қарай ≥ 70 млрд теңге.
Климаттық мақсаттарға қол жеткізуді мониторингтеу Банктің стратегиялық басқару жүйесі және басқарушылық есептілік жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады, климаттық көрсеткіштер Банктің стратегияларына интеграцияланып, Басқарма мүшелерінің қызметінің негізгі көрсеткіштеріне каскадталған. Климаттық көрсеткіштер бойынша есептілікті қарау жыл сайын жүйелі түрде Банктің Басқармасы жанындағы Стратегия және корпоративтік даму комитеті, Банктің Басқармасы деңгейінде жүргізіледі, кейіннен «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-мен келісіліп, бейінді комитеттерде қаралады және Банктің Директорлар кеңесі бекітеді. Нақты мәндер нысаналы бағдарлардан ауытқыған жағдайда, белгіленген келісу және бекіту тәртібімен стратегиялық көрсеткіштер мен қызметтің негізгі көрсеткіштерін қайта қарауды қоса алғанда, түзету іс-қимылдары бастамалануы мүмкін.
Климаттық көрсеткіштер Банк басшылығының негізгі тиімділік көрсеткіштері жүйесіне интеграцияланған және сыйақының ауыспалы бөлігін есептеу кезінде пайдаланылады («Сыйақы» бөлімін қараңыз).
Осылайша, Отбасы банк климаттық күн тәртібін іске асыруға ашық, сандық тұрғыдан негізделген және басқарылатын тәсілді қалыптастырып, сыртқы сын-қатерлерге тұрақтылығын күшейтеді және төмен көміртекті экономикаға көшуге жәрдемдеседі.