- Басты бет
- /
- Басқарма
Басқарма
Банк Басқармасы Банктің Директорлар кеңесі бекіткен Басқарма туралы ереже негізінде әрекет етеді және Банктің ағымдағы қызметіне басшылық жасайды. Банк Басқармасын құру, оның өкілеттіктерін айқындау, сондай-ақ өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына және Банктің жарғысына сәйкес Банктің Директорлар кеңесінің шешімі бойынша жүргізіледі.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Банктің Басқармасы 7 мүшеден тұрады.

Ибрагимова Ләззат Еркенқызы - «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамы Басқарма төрағасы (23.01.2017 ж. бастап)
1972 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы.
Банк қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және кеңесшілердің, басқарушы директорлардың, баспасөз қызметінің, персоналмен жұмыс және сатып алу жөніндегі бөлімшелердің қызметіне жетекшілік етеді. Сондай-ақ Кадр мәселелері жөніндегі комитеттің, Тәуекелдер жөніндегі комитеттің, Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитеттің және Банктің банктік өнімдері, процестері және қызмет көрсету сапасы жөніндегі комитеттің төрағасы болып табылады.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
2017 жылға дейін «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-да, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-да басшылық лауазымдарды атқарған.
Қазақстан Республикасының азаматшасы болып табылады.
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Айдарбекова Әлия Қаратайқызы - «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының қаржы және есептілік жөніндегі орынбасары (18.09.2017 ж. бастап)
1976 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы.
Қаржы және есептілік мәселелеріне жетекшілік етеді. Сондай-ақ Стратегия және корпоративтік даму жөніндегі комитеттің, Бюджеттік комитеттің және негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және өтпей қалған тауар-материалдық қорлардың құнын айқындау және оларды есептен шығару мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның төрағасы болып табылады.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
2017 жылға дейін «Отбасы банк» АҚ-да, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-да, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да басшылық лауазымдарды атқарған.
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Акшанов Нұрлан Сағындықұлы - «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының даму жөніндегі орынбасары (18.06.2018 ж. бастап)
1976 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
Бизнесті дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
2018 жылға дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-да, «АТФ Банк» АҚ-да басшылық лауазымдарды атқарған.
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Әзімбеков Мұхтар Мирланұлы – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының операциялық қызмет, банктік өнімдер және процестер жөніндегі орынбасары (10.06.2021 ж. бастап)
1987 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
Операциялық қызмет, банктік өнімдер және процестер мәселелеріне жетекшілік етеді. Сондай-ақ Банктің №2 Кредиттік комитетінің төрағасы болып табылады.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
2021 жылға дейін «Отбасы банк» АҚ-да, «Ұлағат Бизнес Групп» ЖШС-де, «БТА Ипотека» ИҰ» АҚ-да лауазымдар атқарған.
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Распекова Эльмира Сабыржанқызы– «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының ақпараттық технологиялар және цифрлық трансформация жөніндегі орынбасары (27.11.2020 ж. бастап)
1973 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы.
Ақпараттық технологиялар және цифрлық трансформация мәселелеріне жетекшілік етеді. Сондай-ақ Банктің Ақпараттық ресурстар жөніндегі комитетінің төрағасы болып табылады.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
2020 жылға дейін «Отбасы банк» АҚ-да, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-да, «Альфа-Банк» АҚ-да басшылық лауазымдарды атқарған.
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Матай Жансұлтан Орынбекұлы - «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, ақпараттық қауіпсіздік, құқықтық мәселелер және сатып алу жөніндегі орынбасары (26.08.2024 ж. бастап)
1976 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
Банктің ақпараттық қауіпсіздігі, құқықтық қамтамасыз ету, қауіпсіздік және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелеріне жетекшілік етеді. Сондай-ақ Банктің Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы болып табылады.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
2024 жылға дейін «Отбасы банк» АҚ-да, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-да басшылық лауазымдарды атқарған.
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Талтусов Ринат Алдашевич - «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының тәуекелдер және ішкі бақылау жөніндегі орынбасары (30.10.2024 ж. бастап)
1979 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
Тәуекелдер және ішкі бақылау мәселелеріне жетекшілік етеді. Сондай-ақ тәуекел-менеджмент басшысы, Контроллинг жөніндегі комитеттің және Банктің №1 Кредиттік комитетінің төрағасы болып табылады.