- Басты бет
- /
- Есепті жылдың негізгі оқиғалары
Есепті жылдың негізгі оқиғалары
Есепті жыл ішінде Банк өзінің өнімдер желісін дамыту және кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізді, атап айтқанда:
· өңірлік бағдарламалар шеңберінде өңірлердің әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды;
· жастарға арналған өңірлік бағдарламалар бойынша ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды;

‒ 2025 жылдың 10 қаңтарынан бастап «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, оның аясында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі енгізілді. Банк осы жүйенің уәкілетті операторларының бірі болып айқындалды. Оның шарттарына сәйкес, 2025 жылы 5 жасқа толатын балаларға бастапқы білім беру капиталы есептеледі. «Келешек» бағдарламасы шеңберінде Банк 7 340
‒ 2025 жылдың 24 мамырында Банк «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкес ұлттық даму институты мәртебесін алып, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды орталықтандырылған есепке алу функцияларын орындауға кірісті. Бұған дейін аталған функцияларды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырып келген, бұл ретте есеп азаматтардың әртүрлі санаттары бойынша жекелеген тізімдерде жүргізілді. Жаңа өкілеттіктерді іске асыруға байланысты Банк бытыраңқы дерекқорларды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» бірыңғай ақпараттық жүйесіне біріктіруді қамтамасыз етті. Орталықтандырылған есепке алу жүйесін құру қайталанатын және қате жазбаларды алып тастау, өтініш берушілерде тұрғын үйдің бар-жоғын автоматты түрде тексеру, сондай-ақ адам факторы мен кезектілікті қолмен әкімшілендіру ықпалын барынша азайту арқылы тұрғын үйді бөлу процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға жағдай жасады. 2025 жылғы тамызда Банк жергілікті атқарушы органдардан және «Concordia» ЖШС-нен кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық базасын қабылдауды аяқтады. 2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде 1 008 152 адам тұрды, оның ішінде 367 953 адам 2025 жылғы 24 мамырдан бастап «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында есепке қойылды. Сонымен қатар Банк тұрақты негізде тұрғын үйге мұқтаждар тізімдеріне түгендеу жүргізеді.
‒ 2025 жылдың басында Банк 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қазақстандық балалардың шоттарына қаражаттың есептелуін қамтамасыз етті. Барлығы Қазақстан Республикасының 129 279 баласының шотына 22 270 мың АҚШ доллары есептелді.
‒ 2025 жылғы ақпанда 2 134 279 қазақстандық Отбасы банктегі өз шоттарына мемлекеттік сыйлықақы алды. Барлығы салымшыларға 92,9 млрд теңге аударылды (2024 жылдың қорытындысы бойынша).
‒ 2025 жылғы тамызда Отбасы банктің 2024–2033 жылдарға арналған даму стратегиясының жаңа редакциясы бекітілді. Онда IPO-ға шығу мүмкіндігін қарастыру, Орталық Азия нарықтарындағы қатысуын кеңейту және исламдық қаржыландыруды дамыту сияқты бірқатар жаңа стратегиялық бағыттар көзделген.
‒ Аралық тұрғын үй қарыздары бойынша қарыздардың ең жоғары шекті сомалары 100 млн теңгеден 200 млн теңгеге дейін, ал алдын ала тұрғын үй қарыздары бойынша 50 млн теңгеден 80 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.
‒ Тұрғын үй төлемдерін алушылар үшін «Әскери баспана» бағдарламасы (бұрынғы «Жаңа баспана» / Әскери өнім) бойынша алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру қайта басталды
‒ «Наурыз» бағдарламасының жаңа бағыттары - «Наурыз Жұмыскер» және тұрғын үй төлемдерін алушылар үшін «Наурыз Әскери» бағдарламасы іске қосылды. «Наурыз Әскери» бағыты бойынша бастапқы жарна мөлшері қарыз сомасының 0%-ына дейін төмендетілді, осы орайда қарыз сомасы: Астана және Алматы қалалары үшін - 36 млн теңгеге дейін, қалған өңірлер үшін - 30 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды.

‒ 2025 жылы Банк исламдық қаржыландыруды енгізу тұжырымдамасын бекітті. Қазіргі уақытта оны іске асырудың ықтимал тәсілдері мен тетіктерін пысықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.
‒ Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде «Корпоративтік» өнімі бойынша кәсіпорындармен ынтымақтастық кеңейтілді, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КеАҚ, «Астана Тазалық» ЖШС, «ЛС Групп» ЖШС, «Quantum TECH School» ЖШС, «FSSA» ЖШС, «STEM Solutions» ЖШС, «ICOUNT.KZ» ЖШС, «Тараз құрылыс Дизайн» ЖШС-мен келісімдер жасалды.
‒ 2025 жыл ішінде KASE алаңында Банктің әлеуметтік облигациялары шығарылымдарын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті, оның нәтижесінде «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына қатысушыларды кредиттеу үшін 282 млрд теңге тартылды.
‒ 2025 жылғы тамызда Отбасы банк Халықаралық тұрғын үй қаржыландыру одағымен (IUHF) және Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясымен (EFBS) бірлесіп, Қазақстан, Еуропа және Орталық Азия елдерінің сарапшылары қатысқан тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша алғашқы халықаралық конференция өткізді. Негізгі назар қолжетімді тұрғын үй, «жасыл» қаржыландыру және ипотека нарығын дамыту саласындағы халықаралық тәжірибе алмасуға аударылды, бұл Банктің халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға және оның беделін арттыруға ықпал етті.
‒ 2025 жылы Банк халықаралық Sustainable Fitch рейтингтік агенттігі берген ESG-рейтингін «3» деңгейін сақтай отырып, 55 балдан 60 балға дейін арттырды. Бағаның өсуі Банктің тұрақты дамуға жүйелі көзқарасын, ESG-ақпаратты ашудың айқындығын және бизнестің әлеуметтік әсерін, оның ішінде Scopes 1-3 бойынша парниктік газдар шығарындылары туралы деректерді жариялауды, сондай-ақ гендерлік теңдік пен еңбекақы төлеу бойынша көрсеткіштер ауқымын кеңейтуді айғақтайды.
‒ 2025 жылдың қорытындысы бойынша Отбасы банк екінші жыл қатарынан Қазақстан қор биржасының KASE «ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы» номинациясы бойынша наградасына ие болды. Банктің әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға бағытталған әлеуметтік облигациялары оның ұстанымының тұрақтылығын, Банктің дәйекті стратегиясын және институционалдық инвесторлар мен әріптестер тарапынан жоғары сенім деңгейін растайды.
‒ 2025 жылы Банк халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға және жауапты қаржылық мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған білім беру іс-шараларының кешенін іске асырды. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мектеп, колледж, университет оқушылары мен студенттері, сондай-ақ ұйым қызметкерлері үшін 957 ашық сабақ пен дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараларға 30 993 адам қатысты.
‒ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй саясатын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру және неғұрлым тығыз үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Банк орталық аппаратты Астана қаласына көшіру туралы стратегиялық шешім қабылдады.